
Сапар барысында үкіметтік делегация Мемлекет басшысының Жолдауын іске асырудың негізгі кезеңдерін түсіндіріп, №1 қалалық аурухананың қызметімен танысты. Медициналық мекеме күндізгі және тәулік бойы стационардың әртүрлі бейініндегі 520 төсекке есептелген, ал 2021 жылғы 15 шілдеден бастап мұнда 170 төсекке арналған ковидтік стационар ашылған.
№1 қалалық аурухана базасында коронавирустық инфекцияның таралуын тұрақтандыру бойынша штаб өткізілді, оның барысында пациенттерді емдеудің, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің және өңірдегі жағдайдың өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, өңірдегі фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мәселелері талқыланды. Штаб отырысының қорытындысы бойынша Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасына тиісті ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар, сапар барысында Үкімет мүшелері №2 қалалық емхананы, қалалық стоматологиялық емхананы, Шымкент жоғары медициналық колледжін, "Химфарм" АҚ фармацевтикалық зауытын, "Низамхан" жеке мектебін және "KazMedPribor"ЖШС медициналық бұйымдар өндіретін кәсіпорынды аралады.