ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қайтыс болған жедел жәрдем медицина қызметкерлерінің отбасыларына көңіл айтады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қайтыс болған жедел жәрдем медицина қызметкерлерінің отбасыларына көңіл айтады

Денсаулық сақтау министрлігі қызметтік міндеттерін атқару кезінде жол апатынан қаза тапқан Қызылорда қаласының жедел жәрдем қызметкерлерінің отбасыларына қайғырып көңіл айтады.

Бүгін түнде Қызылордада жол – көлік оқиғасы орын алып, біздің әріптестеріміз - жедел медициналық жәрдем дәрігерлері көз жұмды. Өкінішке орай, адамдардың өмірін құтқаратындар көбінесе мұндай жағдайлардан қорғалмайды.

Екі медицина қызметкерінен айырылу - үлкен қайғы.

Денсаулық сақтау министрлігінің атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.