А. Цой Жамбыл облысындағы оқ-дәрі қоймаларындағы жарылыстан зардап шеккендерге барып шықты

А. Цой Жамбыл облысындағы оқ-дәрі қоймаларындағы жарылыстан зардап шеккендерге барып шықты

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Жамбыл облысына ұшып кетті. Денсаулық сақтау министрі Тараз қаласының ауруханасында болып, Байзақ ауданы, Үшбұлақ ауылындағы №28349 әскери бөлімінің оқ-дәрі қоймаларындағы жарылыстан зардап шеккендерді емдеу жағдайымен танысты.

Жамбыл облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Көпбейінді қалалық аурухана» МКК аралау барысында А. Цой жарылыстан зардап шеккендер ем қабылдап жатқан палаталарды аралап, дәрігерлермен және клиника басшылығымен пациенттердің жағдайын талқылады.

«Бізде 98 азамат медициналық көмекке жүгінді, олардың 28-сі ауруханаға жатқызылды, қалғандары жарақат пункттерінде тиісті көмек алды және үйлеріне жіберілді. Барлық пациенттер тұрақтанды, шоктан шықты, оларға тексерілген ем көрсетіледі», - деді А.Цой.

Қазіргі уақытта Тараз қаласының стационарларына 28 зардап шегуші жатқызылды, оның 5-і реанимацияға жатқызылды, оның екеуі ауыр дәрежедегі халде.

Амбулаториялық емдеуге 70 науқас ауыстырылды, тоғыз адам қайтыс болды.
Жарылысқа байланысты зардап шеккен адамдарға медициналық көмек көрсету үшін 37 жедел медициналық көмек және санитарлық авиация бригадасы жұмылдырылды.

27 тамызда Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы ауыр халдегі реанимациядағы пациенттерге медициналық көмек көрсету бойынша телеконсультация өткізді.

Сондай-ақ, 27 тамыз күні таңертең Алматы қаласынан Тараз қаласына № 4, 7 қалалық ауруханалардың реаниматолог, комбустиолог травматолог дәрігерлерінен тұратын ҰШМҮО медициналық авиациясының мобильді бригадасы ұшып шықты.

Сапар соңында А. Цой зардап шеккендерге дер кезінде медициналық көмек көрсеткен дәрігерлерге алғыс білдірді. Ол облыста науқастарды емдеуге байланысты проблемалық мәселелер жоқ екенін атап өтті. Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан да барлық қажетті қолдау көрсетілетін болады.