
Бүгін, яғни 29 шілдеде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде 2019 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысы мен жыл соңына дейінгі жорспарлар бойынша алқа отырысы өтті. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Мемлекет басшысының денсаулық сақтау жүйесіне қатысты тапсырмаларына ерекше назар аударды. Басты міндет - халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету және дәрігерлердің мәртебесін көтеру.
Отырыстың күн тәртібіне сәйкес жиында бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова мемлекеттік "Денсаулық" бағдарламасының жүзеге асырылуы жайлы баяндама жасады (2019 жылдың І жартыжылдығында).
Айнұр Айыпханованың айтуынша, 2019 жылға мемлекеттік бағдарламаның 7 басым бағыты бойынша 94 іс-шара жоспарланған. РДСДО мониторингіне сәйкес, биыл 6 айда 21 шара орындалды, 62-сі орындалуда, ал 11-і жүзеге аспай қалуы мүмкін.