Маусымның 9 мен 17 аралығында АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің саяси форумы өтуде

Маусымның 9 мен 17 аралығында АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің саяси форумы өтуде

Маусымның 9 мен 17 аралығында АҚШ-тың  Нью-Йорк  қаласында БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің  саяси форумы өтуде. Халықаралық шарада Қазақстан 2030 жылға дейін тұрақты дамудың ұлттық үлгісін ұсынады.  

Форум аясында Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп (side-event) алғашқы медициналық-санитарлық көмек (МСАК) бойынша  жаппай  медициналық қызметпен қамту  және тұрақты даму жайлы қосымша жиын  өткізді. Іс-шараға ДДҰ, ЮНИСЕФ өкілдері, форумға қатысушы елдердің денсаулық сақтау басшылары, алғашқы  медициналық көмек саласының  үздік сарапшылары, сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері  мен жастар  қатысты.

Бірінші сессияның модераторы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) атқарушы директорының орынбасары Вернер Обермейер болды.

ДДСҰ Бас директорының көмекшісі Стюарт Саймонсон өзінің кіріспе сөзінде: "МСАК - бұл бүкіл қоғамның денсаулыққа деген көзқарасы, және әлем елдері ЖІӨ-нің 1%   МСАК-қа  қосымша бөлуі тиіс. Дамушы мемлекеттер денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді, әсіресе, маман тапшылығын шешу қажет", - деді.

"МСАК - бұл жаппай медициналық қызметпен қамтудың стратегиясы. Даму деңгейіне қарамастан, барлық ел үшін МСАК өте маңызды. Әлемде мүмкіндігі шектеулі миллиард адам өмір сүреді және олар денсаулық сақтау жүйесінің назарынан тыс қалмауы тиіс. Көптеген мемлекет Астана декларациясында алғашқы медициналық-санитарлық көмекті қолдайтындарын білдірді. Мұндай саяси шешім қабылданған, енді біз алдымыздағы міндеттемелерді орындауымыз керек", - деді ЮНИСЕФ-тің  Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Стефан Петерсон.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Қазақстанда алғашқы медициналық-санитарлық көмекке саяси басымдылық берілгенін айтты. «Болашақта Үкімет МСАК  және қоғамдық денсаулық сақтау қызметіне денсаулық сақтау жүйесіне бағытталған  қаржының 60% бөледі. Астана декларациясын жүзеге асыру үшін ДДСҰ-ға  мүше мемлекеттер бірлесіп Астана декларациясын енгізу жоспарын әзірлейді, ол ЖДҚҚ-ға қол жеткізу жолында МСАК-ті нығайтуда прогреске қол жеткізуге көмектесетін тетіктер (құралдар) жиынтығын қамтиды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова ДДСҰ-ға мүше мемлекеттермен 2018 жылғы  Астана декларациясының мәтінін бекіту бойынша келісім кезінде панельдік пікірталастың модераторы болды.

"Алматы декларациясы - бұл бүкіл әлемдегі медициналық білім берудің бір бөлігіне айналған құжат. Адам үшін  ең алдымен денсаулық маңызды және үкімет қолжетімді медициналық көмекке жауапты. Жақында қабылданған Астана декларациясында еліміз 21-ші ғасырда МСАК-тан не күтілетінін сипаттап берді. Декларация заманауи проблемалар мен шешімдерді көрсетілген. Ал оны енгізу арқылы МСАК-ті нығайту үшін ғылыми дәлелдер мен нақты деректерге негізделген құралдарды пайдалануға көмектеседі", - деді ол.

Кездесу соңында күн тәртібі бойынша басты мәселелер талқыланды. Ресей Федерациясының өкілі: "Алғашқы медициналық-санитарлық көмек заманауи күн тәртібіндегі ортақ тақырып болып табылады. Қазіргі уақытта МСАК біз медициналық сауаттылыққа, инфекциялық емес аурулардың қауіптілігіне және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліміне ерекше көңіл бөлеміз".

Швед парламентінің мүшесі жалпы медициналық қызметпен қамту және МСАК арқасында өз елі  денсаулық сақтау саласында табысқа жеткенін айтты. "МСАК арқылы білікті маман, жоғары білім беру және сапалы күтімге  қолжеткізуге болады", - деді ол.

Залдағы ҮЕҰ мен мүше мемлекеттердің бірнеше өкілі МСАК-ті халықтың қартаюы, вакцинация, көші-қон, технологиялардың әсері, оңалту және басқа да мәселелерді шешуші  платформаға айналдыруды  қолдады.

Бұл шара БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді  МСАК жөніндегі Астана декларациясы туралы тағы да хабардар ету мақсатында әзірленген болатын. Құжат 2018 жылдың қазан айында МСАК жөніндегі жаһандық конференцияда қабылданды және Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ассамблеясының 72-ші сессиясында ДДҰ-ға мүше барлық мемлекет мақұлдады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2019 жылғы қыркүйекте Нью-Йорк қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясының жоғары деңгейдегі кеңесі кезінде МСАК жөніндегі Астана декларациясын қолдау үшін қосымша іс-шара (side event) өткізуді жоспарлап отыр.