
BMJ және Денсаулық сақтау министрлігі BMJ-нің «Клиникалық шешімдерді қолдау (CDS)» туралы бастамасына қатысты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
The British Medical Journal (BMJ) – әлемдік медициналық білімді таратушы ұйым. BMJ Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, «Клиникалық шешімдерді қолдау (CDS)» туралы оқу бастамасын іске асыру бойынша жұмыс істеуде. «Клиникалық шешімдерді қабылдауды қолдау (CDS)» – Қазақстандағы инфекциялық ауруларды анықтауды, диагностикалауды және емдеуді жақсартуға бағытталған үш жылдық бағдарлама.
Кез келген денсаулық сақтау жүйесі медициналық қызметкерлердің біліктілігімен ерекшеленеді. Бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйесі артта қалып отыр, себебі, пациенттерге тікелей қызмет көрсететін мамандарға ақпарат кеш жетеді. BMJ бастамасы қазақстандық дәрігерлердің мүмкіндіктерін кеңейтіп, ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтады.
Бұл бастама қазақстандық дәрігерлерге BMJ: BMJ Best Practice және BMJ Learning дәлелдеу құралдарын ұсынады. Дәрігерлерге ақпарат дер кезінде орыс және ағылшын тілдеріндегі қолжетімді болады.
BMJ мен Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы үш жылдық келісімге 11 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында қол қойылды.
Іс-шараға Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева, Ұлыбритания елші, BMJ компаниясының басшылығы, басқа да халықаралық ұйымдар, сондай-ақ Қазақстанның медициналық ұйымдарының, ҒЗИ, ұлттық орталықтары мен медициналық университеттерінің өкілдері қатысты.
BMJ стратегиялық әріптестік жөніндегі директоры Эшли МакКимм:
«Біз оқу бастамасына ДСМ басты серіктесіміз болатындығына қуаныштымыз және медицина қызметкерлерімен өз тәжірибемізбен бөлісуге асықпыз. Бұл келісім Қазақстандағы дәрігерлердің білімі мен дағдыларын, медициналық практикасын дамытуға көмектеседі» деді.
Денсаулық сақтау Вице-министрі Ләззат Ақтаева: «Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы BMJ бастамасын қолдайды. Біз оның ойдағыдай жүзеге асырылатынына және қазақстандық дәрігерлер дәлелді медицинаның алдыңғы қатарлы жаһандық білімдеріне қол жеткізе алатынына сенімдіміз» .
Анықтамалық ақпарат:
BMJ - мақсаты салауаттырақ әлем құру болып табылатын медициналық білімді қамтамасыз ететін жаһандық ұйым. BMJ Best Practice - бұл диагностика және емдеу туралы шешім қабылдау кезінде дәрігерлерге жылдам және оңай қол жеткізуге мүмкіндік беретін шешім қабылдауды қолдаудың онлайн құралы. Бұл құрал күн сайын жаңартылып отырады және диагностика, болжау, емдеу және алдын алу бойынша қадамдық нұсқаулықты ұсына отырып, соңғы дәлелді зерттеулерге, сарапшылардың ұсыныстары мен пікірлеріне сүйенеді.
BMJ Learning - бұл медицина қызметкерлеріне өз білімін тексеріп, медицинаның соңғы жетістіктерінен хабардар болудың жылдам әрі тиімді жолын ұсынатын он-лайн оқу ресурсы. Онда 70 мамандық бойынша сараптамалық бағалауынан өткен жүздеген ғылыми негізделген оқыту модульдері ұсынылған.