
Шұғыл медициналық көмектің сапасын арттыру, соның арқасында дәрігерлердің реанимациялық жағдайдан сәтті шығуы Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылдан бастап жүзеге асырған 103 қызметін жаңарту жобасының нәтижесі.
Дәрігерлер дер кезінде шұғыл шешім қабылдап, нәтижесінде пациентті клиникалық ажалдан арашалап қалды. Кейін науқас әріқарай тексеруден өту үшін санитарлық бортпен Шымкентке жеткізілді.
Бүгін, 3 шілдеде таңғы сағат 07: 40-та Арыс қалалық жедел көмек станциясының жедел медициналық жәрдем пультіне 1989 жылы туған жас ер-адам туралы қоңырау түсті. Оған алдын ала «электр жарақатын алған» деген диагноз қойылған. Ал сол сәтте кезекшілікте жергілікті дәрігерлермен бірге Нұр-Сұлтан қаласының мамандары да болған. Дәрігерлер оқиға орнына шұғыл жеткен кезде пациент есін білмей, клиникалық өлім аузында жатқан.
Ақ халаттылар жедел жүрек-өкпе реанимациясы кешенін жасаған соң, жас жігіттің беті бері қарады.
Осыдан кейін Нұр-Сұлтан қаласынан келген мамандар науқасты санитарлық бортпен Шымкент қаласына жеткізді. Қазір пациент қалалық кардиологиялық орталықта тексеруден өтуде.