
Оқу барысында ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы Заңына және ҚР Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы бойынша кейбір заңдық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайлы айтылды.
Сонымен қатар, құжаттармен жұмыс істеу тәртібі және ақпараттық қауіпсіздікке қатысты кейбір сұрақтар талқыланды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті директорының орынбасары Дінмұхамед Қлышпаев қызметкерлерді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысты бірқатар заңнамалық актілерге өзгеріс енгізілетіні туралы хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, аталған іс-шара ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлерін жалпы құқықтық оқытудан өткізуге қатысты ведомствоның Жауапты хатшысы бекіткен жоспарды орындау үшін ұйымдастырылды.