
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы 2019 жылғы 24 маусымда Түркістан облысы Арыс қаласының әскери бөлімінің аумағындағы жарылыс салдарынан болған төтенше жағдайға қатысты мынаны хабарлайды:
Шұғыл медициналық көмек көрсету мақсатында Арыс қаласының, Ордабасы ауданының, Түркістан, Кентау және Шымкент қалаларының 22 жедел медициналық көмек бригадасы жұмылдырылған.
Жақын облыстарда (Жамбыл және Қызылорда облыстары) 16 жедел медициналық көмек бригадасы жұмылдырылған және толық дайындықта.
Қажет болған жағдайда жедел тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында борттағы медициналық жабдықтармен және ұтқыр бригадамен жабдықталған 2 санитарлық авиация тікұшағы дайын.
Санитарлық авиация желісі бойынша пациенттерге консультациялық көмек көрсету үшін құрамында реаниматологтар, травматологтар, камбустиологтар, балалар реаниматологтары және нейрохирургтер бар 2 мультидисциплинарлық бригада Алматы қаласынан Шымкент қаласына жіберілді. Қазіргі уақытта мамандар он бір пациентке консультациялық көмек көрсетті, бір пациентке сол жерде операция жасалды.
Сонымен қатар, медициналық көмек көрсету үшін орталық аудандық ауруханаларға (Отырар, Ордабасы және Сарыағаш аудандары) камбустиолог-дәрігерлер, нейрохирургтер, реаниматологтар мен неврологтар жіберілді. Мамандар зардап шеккен үш науқасқа консультациялық көмек көрсетті.
Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен Шымкент қаласының аймақтық санитарлық авиация бөлімшесінің мәліметтеріне сәйкес, сағат 13.00-де ауруханаға жатқызылғандар саны 89 пациенттен 15 адам, стационарларда 74 пациент бар, оның ішінде Шымкент бойынша 37 адам, Түркістан облысы бойынша 37 адам.