
2019 жылғы 14 маусым күні елордамыздағы «Хан шатыр» ОСО-да әлем бойынша 14 маусымда тойланатын Дүниежүзілік донор күніне арналған акция өтеді. Іс-шара бірнеше жылдан бері адам өмірін құтқару үшін аса қажетті болатын қанды тегін, тұрақты түрде тапсыратын елордамыздағы белсенді донорларға құрмет көрсетуге арналады. Қан және оның компоненттері донорларын құттықтау мен марапаттау рәсімі мерекелік жағдайда өтеді, сондай-ақ қауіпсіз қан құюдың маңыздылығы туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылады. Осы іс-шараның мақсаты – қауіпсіз донорлық қанның қажеттілігі туралы мағлұмат беру.
2019 жылғы Дүниежүзілік донор күні кампаниясы «Баршамызға қауіпсіз қан!» деген ұранмен өтеді және денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтудың негізгі бөлшегі ретінде қауіпсіз қан құюға жалпы қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Кампания тақырыбы әлемде донор болатын адамдардың санын жыл сайын арттыру, бұл болса ұлттық қан жеткізуді қамтамасыз етудің кепілі болып табылады.
Республикада жыл сайын 200 мыңнан артық адам қан тапсырады және олардың шамамен 18 мыңы қанды 3 реттен артық тапсырып отырады. Астананың өзінде ғана жыл сайын шамамен 40 донациялау жүзеге асырылады. Жалпы алғанда еліміз бойынша жыл сайын 360 мыңнан артық доза қан құйылады.
Өтеусіз донорлар, еріктілер, ұйымдар мен кәсіпорындар ұжымдары, оның ішінде Астана медицина университеті, «ВІ GROUP» АҚ және «Қазпошта» АҚ донорлықты дамытуға айрықша үлес қосуда. Іс-шараға Қазақстандағы ДСҰ өкілінің, жасаған ісі марапатқа ие болатын қан донорларының қатысуы күтілуде.
Іс-шараның негізгі бөлігі Донорларға құрмет көрсету болады, оның ішінде өмірінде 40-тан аса донацияны жүзеге асырған үш донор: Галина Аксютинаға, Ирина Ивановаға және Пармбек Сарыбасовқа «Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» деген төсбелгімен марапатталады. Нұр-Сұлтан қаласының 6 өтеусіз донорына ерікті қан донорлығына дамытуға қосқан жеке үлесі үшін Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы мен Nur Otan партиясы «Бірлік» филиалының құрмет грамотасы, сондай-ақ қан қызметінің нышаны салынған естелік сыйлықтар беріледі. Сонымен қатар, ұжымы үнемі өтеусіз донорлар қатарын толтыратын ұйымдар ерікті, өтеусіз донорлықты қолдағаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Қазақ ұлттық өнер университеті колледжінің жоғары курс студенттері, талантты жастар ерікті донорларға арналған музыкалық құттықтау – концерттік бағдарламаны ұсынады. «Графика және бейнелеу» бөлімінің студенттері Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығына донорлық қозғалысқа шақыратын шығармашылық жұмыстарын сыйға тартты.
Анықтама үшін: 2005 жылғы мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 58-ші сессиясының барысында әлемдегі денсаулық сақтау министрлері ерікті қан донорлығын қолдау және осы ұстанымды құптау мен Дүниежүзілік донор күнін жыл сайын 14 маусым күні атап өтуді ұсынды. 2009 жылы 40 елдің қан құю саласындағы сарапшылары 2020 жылға қарай барлық қан қорын ерікті донорлардан алуды қамтамасыз етуге шақыратын Мельбурн декларациясын шығарды.
«Nur Otan» партиясының «Бірлік» филиалы, «Еуразиялық медициналық қауымдастығы» ЗТБ және Қазақстандағы Қызыл Жарты ай қоғамының астаналық филиалы акцияны ұйымдастыру мен өткізуге өз үлестерін қосты.
Дүниежүзілік донор күнін тойлаудың шеңберінде донорлық қозғалысты насихаттау бойынша басқа да іс-шаралар жүргізілуде, сондай-ақ қауіпсіз қан құюға жаппай қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар өткізілуде.