
Қолжетімді баспанамен қамту арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыру Республикамыздың 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарының басты міндеті.
Бұл Денсаулық сақтау минситрлігі мен «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» арасындағы алғашқы келісім емес. Тараптар министрліктің, ведомсвоға қарасты 33 ұйымның, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздік сапасын бақылау комитетінің аймақтардағы департаменттерінің қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында бұған дейін де бірлесіп жұмыс істеген.
2018 жылы «ҚИК» АҚ мен Денсаулық сақтау министрлігінің ортақ келісімі аясында 120 жас ғалым мен ведомствоға қарасты мамандар Алматыдан арендалық үй алған.
Бүгін ҚР ДСМ «Қазақстанның ипотекалық компаниясымен» мемлекеттік «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасына сай арендалық баспана беру туралы келісімге қол қойды. Жалға берілетін пәтерлерді сатып алуға болады. Денсаулық сақтау министрлігі үйден үміткерлердің тізімін әзірледі. Жалпы министрлік қызметкерлеріне 3 мыңнана сатам пәтер қажет (Астанаға – 1709, Алматыға – 1128, өзге аймақтарға - 473). Ал келісмге бойынша 1 500 пәтер беріледі.
Бағдарлама шеңберінде сатып алумен жалға берілетін тұрғын үйді ұсыну талаптары Компанияның ішкі құжаттарына сәйкес анықталады. Оның негізгі шарттары:
1) жалға беру мерзімі – 240 (екі жүз қырық) айға дейін;
2) Бағдарламаға қатысушыға жалға берілетін тұрғын үй берілуі мақұлданған жағдайда, Бағдарламаға қатысушы тұрғын үйдің жалпы құнының 1% мөлшерінде Компания пайдасына жалға беру шарты бойынша бір жолғы төлем жүргізеді.
3) Тұрғын үйді мерзімінен бұрын сатып алу және ішінара мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі;
4) жалдау ақысы көлеміне пайдалану және коммуналдық қызметтер төлемі, сондай-ақ, Жалға алушының өз есебінен төленуге жататын, тұрғын үй объектілерін ұстау, жөндеу жұмыстары, салық өтемінің төлемдері кірмейді.
Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар Бағдарлама, Ереже және Компанияның ішкі құжаттарында белгіленеді, оның ішінде мынадай талаптарды қамтиды:
1) ҚР ДСМ немесе оның ведомстволық ұйымдары және денсаулық сақтау ұйымдарымен еңбек қатынастарында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар;
2) тұру мерзіміне қарамастан жалға берілетін тұрғын үйді алатын елді мекенде тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуінің бар болуы;
3) Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерiнiң (ерлi-зайыптылардың, кәмелетке толмағандардың), сондай-ақ өтініште көрсетілген отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында, кейіннен сатып алумен жалға берілетін тұрғын үй немесе жеке меншік құқығындағы, үлестік меншігіндегі үлесте құқығы бар осы тармақта көрсетілген отбасы мүшелерiнiң төменде көрсетілгендерден басқа жағдайларда тұрғын үйлерінің болмауы:
- әрбір отбасы мүшесіне 15 шаршы метрден кем пайдалы алаңы бар жатақханадағы бөлмесінің болуы;
- тұрғын үй орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасымен расталатын саман және қаңқа - қамыс типті опырылып құлау қауіпі бар (құлау), апаттық жағдайдағы тұрғын үйдің болуы;
4) Бағдарламаға қатысушымен және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерімен (ерлi-зайыптылар, кәмелетке толмағандар), сондай-ақ, өтініште көрсетілген отбасы құрамына енгізілген басқа да мүшелерімен, соңғы 5 (бес) жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өзіне меншік құқығы негізінде тиесілі тұрғын үйін айырбастау немесе беру арқылы қасақана өзінің тұрғын үй жағдайын нашарлатып көрсету фактілерінің жоқ болуы;
5) міндеттемелерін орындау мүмкіндігін тиісті кірістерімен растау.
6) Бағдарламада көзделген жағдайларды қоспағанда, қатысушыға 1 (бір) тұрғын үйден артық алуға жол берілмейді.
7) Бағдарламада көзделген жағдайларды қоспағанда, жұбайы кейіннен сатып алумен жалға алу талаптарымен некеге отырғанға дейін тұрғын үй алған тұлғаның қатысуына жол берілмейді.
Осы Келісім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және Тараптар өздеріне қабылдаған міндеттемелерін толық орындағанға дейін әрекет етеді. Осы Келісім Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың өзара келісімі бойынша ғана бұзылуы мүмкін.