Денсаулық сақтау министрлігі шылым шегу денсаулығыңызға аса зиян екенін ескертеді

Денсаулық сақтау министрлігі шылым шегу денсаулығыңызға аса зиян екенін ескертеді

Бүгін бүкіл әлем темекіге қарсылық білдіруде. Жыл сайын 31 мамыр - Дүниежүзілік темекіге қарсы күрес күні ретінде аталып өтеді. Биыл халықаралық шараға қатысушылар өкпенің саулығы мен шылымның адам денсаулығына тигізетін өзге де зиянына көп көңіл бөлмек.

Қазақстанда халықтың үштен бір бөлігі темекі тартады. Ал шылым шеккен адам жүрек-қантамыры, созылмалы өкпе аурулары, қатерлі ісікке шалдығуы мүмкін. ДДҰ мәліметінше, Қазақстанда темекі шегетін 2,8 млн адамның ішіндегі 1,4 миллионының өмірі қысқа болады деген қауіп бар.

Мысалы, Испания, Франция, Шотландияда тамақтану орталықтарында темекі шегуге, бөлшек сауда орындарында шылымның қорабын тізіп қоюға тыйым салып, нәтижесінде аллергиялық аурулар 59,2 пайызға, жіті вирусты респираторлық сырқаттар 61,3%, миокард инфаркті 33,6% төмендеген. Темекі шегетін адамдар арасындағы дертті азайту мақсатында ҚР «Халықтын денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы Кодексінің жаңа нұсқасына да осындай өзгеріс енгізу ұсынылды.

Темекіге қарсы күреске бағытталған шаралардың нәтижесінде 5 жылда 6-9 мың адамның өмірін сақтап қалуға болады. Дүниежүзілік банктік есебінше, Қазақстан 5 жылда 1,2 млрд теңгені үнемдейді.