ҚР Денсаулық сақтау министрі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында әлемдік денсалуық сақтау саласының көшбасшыларымен кездесті

ҚР Денсаулық сақтау министрі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында әлемдік денсалуық сақтау саласының көшбасшыларымен кездесті

Женевада өткен 72 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясына ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бастаған қазақстандық делегация қатысты. Халықаралық шараның басты тақырыбы – әлемді жаппай денсаулық сақтау қызметімен қамтуға арналған.  Естеріңізге салсақ, өткен жылы қазанда Астанада (қазіргі Нұр-Сұлтан қ-сы) Ғаламдық конференция өткен болатын. Сол жиында  әлем елдері медициналық-санитарлық алғашқы көмек бойынша (МСАК)  жаңа Астана Декларациясын қабылдады.  Аталған құжатта 1978 жылы Алматы декларациясына енген  қағидалар қайта мақұлданып, денсаулық сақтау саласындағы қызметті жақсартуға бағытталған  іс-шаралардың консепциясы жаңартылды.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры  Тедрос Гебрейесуспен кездесті. Тараптар МСАК бойынша қабылданған Астана декларациясын алға жылжытуға  қатысты мәселелерді талқылады. Нақтырақ айтсақ, БҰҰ Бас Ассамблеясының 2019 жылы қыркүйекте өтетін Әлемді жаппай денсаулық сақтау қызметіме қамтуға арналған  Саяси декларациясына  Астана декларациясының қағидалары мен МСАК мәселелерін қосу сөз болды. Сонымен қатар, Елжан Біртанов ДДСҰ-ның  мемлекеттердегі кеңесесінің жұмысын күшейтуді және ДДСҰ-ның  6 аймақтағы  бюросынан  МСАК бойынша  бір-бір маман тартып, МСАК-ке  Ғаламдық орталық мәртебесін беруді ұсынды. Бұл кеңсенің стратегиялық жұмысын  кеңейтуге және  ДДСҰ-на  мүше-мемлекеттерде  медициналық қызметтің МСАК  басымдылық бере отырып ғаламдық деңгейде дамуына мүмкіндік береді. Кездесу соңында тараптар  Қазақстан мен ДДСҰ арасындағы екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға, бірлескен жоспарларды жүзеге асуыруға, сандық жүйе бойынша байланыс орнатуға уағдаласты.

Іссапар барысында қазақстандық делегация қатерлі ісікпен күрес бойынша халықаралық одақтың   (UICC) президенті Иордания Ханшайымы  Дина  Майредпен кездесті. Жүздесуде 2019 жылы 15-17 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін онкология саласындағы  көшбасшылардың Дүниежүзілік Саммиті (WCLS 2019) сөз болды. Саммит тақырыбы  – қатерлі ісік және жаппай денсаулық сақтау қызметімен қамту.

Халықаралық шарада онкологиялық ауруларды анықтау, емдеу, науқасты күтудің түрлі тәсілі - жаппай денсаулық сақтау қызметімен қамтудың  бір бөлігі ретінде қарастырылады. Саммитке 300 астам делегат қатысады. Олардың қатарында мемлекет басшылары, денсаулық сақтау министрлері, жоғары лауазымды әлем лидерлері, бірінші ханымдар мен король отбасының мүшелері,  қоғамық денсаулық сақтау мекемелерінің  басшылары, дүниежүзілік ұйымдар: ДДСҰ, UICC, МАГАТЭ, IARC т.б. сонымен қатар, қоғамдық ұйым мен БАҚ өкілдері қатысады.

Сондай-ақ, Елжан Біртановтың АҚШ, Иран, Гана, Катар, Корея, Австрия, Куба, Армения, Грузия мен Молдова сынды мемлекеттердің денсаулық сақтау саласы басшыларымен кездесті. Жүздесуде  МСАК, білім беру, E-Health  және  телемедицина, фармация бойынша екі жақты серіктестікті әріқарай дамыту жағы талқыланды.

Ескерту: Дүниежүзілік денсаулық сақтау  ассамблеясы ДДСҰ жоғары органы. Сессия жыл сайын мамырда өтеді, оған ДДСҰ мүше 194 мемлекет қатысады. Ассамблеяның негізгі қызметі  - ұйымның ғаламдық саяси бағытын анықтау.