26 сәуірде «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіби денсаулық институтының директоры қызметін атқарған Телеуов Мұрат Қойшыбайұлы Медицина университетінің Басқарма төрағасы – ректор қызметіне тағайындалды.
Телеуов Мұрат Қойшыбайұлы 1960 жылы туған. 1984 жылы Н. Пирогов атындағы Мәскеу мемлекеттік медицина институтын, 2008 жылы «Қайнар» университетін бітірген. Профессор, денсаулық сақтау саласының жоғары санатты дәрігер-ұйымдастырушысы.
Жұмыс тәжірибесі:
- 2017 жылдан 2019 жылға дейін Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің ұйымдастыру-экономикалық жұмыс жөніндегі проректоры, атқарушы директоры;
- 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін Қарағанды мемлекеттік медицина университеті ректорының экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі, №1 хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі;
- 2013 жылдан 2015 жылға дейін Қызылорда облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық медициналық орталық" ШЖҚ РМК директоры;
- 2011-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры;
- 2009 жылдан 2011 жылға дейін – Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің ректоры;
- 2008 жылдан 2009 жылға дейін Астана қаласының «Жедел медициналық жәрдем республикалық ғылыми орталығының» бас директоры;
- 2001 жылдан 2007 жылға дейін – Семей мемлекеттік медициналық академиясының ректоры;
- 2000 жылдан 2001 жылға дейін – Денсаулық сақтау ісі бойынша агенттігінің бас хирургы,
- 2000 жылдан 2001 жыладры - ҚР Денсаулық сақтау ісі бойынша агенттіктің бас хирургы, емдеу-профилактика департаментінің хирургиялық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бастығы;
- 1993 жылдан 2000 жылға дейін – аға хирург, одан кейін А.Н. Сызғанов атындағы ҰХ бас ғылыми қызметкері;
- 1991 жылдан 1993 жылға дейін – Ақтөбе облысы ОРА бас дәрігерінің орынбасары;
- 1988 жылдан 1991 жылға дейін-КСРО АМН ВҒЦХ хирургия бойынша салалы клиникалық ординатура, Мәскеу;
- 1984 жылдан 1988 жылға дейін Ақтөбе облысының ОРА хирург дәрігері;
4 монография және 14 оқулықтың авторы, 27 жаңалық ойлап тапқан, 5 кандидаттық, 1 магистрлік диссертацияның жетекшісі.