ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде денсаулық сақтау саласындағы МЖӘ жобаларын қаржыландыру мәселесі талқыланды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде денсаулық сақтау саласындағы МЖӘ жобаларын қаржыландыру мәселесі талқыланды

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров «Broad Street Capital Group» компаниясының өкілдерімен кездесті. Жүздесуде АҚШ-тың  «Broad Street Capital Group» компаниясының денсаулық сақтау саласын инвестициялауға арналған  жобаларды  қаржыландыруға қатысты  ұсыныстар талқыланды.  

Қазақстанда денсаулық сақтау саласында МЖӘ бойынша мынадай жобалар бар:  Алматы,  Қарағанды қалаларында 300 орындық аурухана салу және оны пайдалануға беру, С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті жанынан біріккен университеттік аурухана ашу  және Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық темір жолы ауруханысының аумағынан жаңа аурухана салу. Кездесуде осы жобаларды қаржыландыру бойынша негізгі талаптар сөз болды. Тараптар «Broad Street Capital Group» компаниясы инвестицияландыратын МЖӘ жобаларды әлі тағы талқылау туралы шешімге келді.