
Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комиетінің төрайымы Людмила Бюрабекова хабарлады.
«9 сәуірде ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне барлық дәрі-дәрмектің бағасын реттеуге рұқсат ететін норма күшіне енеді. Көтерме және бөлшек үстеме баға нарықпен, Атамакен ҰКП және қауымдастықтармен келісе отырып белгіленеді. Оның ережесі қазір Әділет министрлігінде. Бағалар ДСМ, ФК және ДЗСҰО интернет-ресурстарында жарияланады және арнайы мобильді қосымша әзірленді», - деді Людмила Бюрабекова.
Денсаулық сақтау министрлігі кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында науқастарға үздіксіз әрі уақытылы дәрі-дәрмек жеткізу үшін кешенді жұмыс жүргізуде.
«Былтыр тегін дәрі-әрмекті жеткізу мен сатып алу уақытылы орындалмай, науқастар тарапынан шағымдар көбейген еді. Сондықтан министрлік 2018 жылдың наурыз, сәуір айларында тексеру жүргізу үшін өңірлерде мониторингтік топтар құру туралы шешім қабылдады", - деді Людмила Бюрабекова.
Фармация комитеті жетекшісінің айтуынша, тексеру нәтижесінде науқастар ДҚАЖ бағдарламасы бойынша берілетін препараттарды алмағаны, сондай-ақ, қолданылмаған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың анықталды. 2016-2017 жылдары еліміздің 11 өңірінде пайдаланылмаған препараттар мен медициналық бұйымдардың жалпы сомасы 4,3 млдр. теңге болған. Бірақ ДҚАЖ (дәрімен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі) бойныша өңірлерде қалдықтар жоқ, барлық дәрі-дәрмек науқастарға таратылған. Бас прокуратура тексеру қорытындысына сай өңірлерде 20-дан астам қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ, Людмила Бюрабекова ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың тапсырмасымен, министрліктің 2018 жылғы алқа отырысында Қазақстандағы 70 медициналық мекемедегі психиатриялық, онгкологиялық аурулармен, АИТВ/ЖИТС және туберкулезбен ауыратын науқастарды дәрі-дәрмектерпен қамту, оның тиімділігі туралы мониторинг жүргізілді.
Мониторинг нәтижесінде, дәріге деген сұраныс артық көрсетілгені, науқастарға препараттар толық және тұрақты жеткізілмегені, дәрілердің тиімсіз пайдаланылғаны, науқастарды дәрімен нормадан тыс қамтамасыз ету, берілген рецептілер туралы жазбалардың болмауы анықталған. Медициналық ұйымдар дәрілік формулярына тиімділігі клиникалық тұрғыда дәлелденбеген препараттарды енгізген, тіпті, құны бекітілген шектік бағадан асатын дәрі-дәрмекті өз бетінше сатып алу фактілері тіркелген. Диспансерлік науқастар тізіміне тегін дәрі-дәрмекпен қамтылатындар кірмей қалған, ал ақпараттық жүйеде жазылған рецептер мен науқастың амбулаториялық картасындағы дәрілердің саны сәйкес келмейді. Тиісті шара қолдану үшін мониторинг материалдары ҚР Бас прокуратурасына жіберілді.
«Сонымен қатар, ҚР ДСМ Фармация комитетінің аймақтардағы департамент өкілдерінің қатысуымен өңірлерде мониторингтің екінші кезеңі басталды. Бақылау 29-сәуірде аяқталады», - деді Людмила Бюрабекова.
Денсаулық сақтау министрлігі науқастарды амбулаториялық деңгейде тегін дәрімен қамтуды тиімді жоспарлау үшін өтініштерді электронды форматта қабылдауды шешті.
Соынмен қатар, диспансерлік науқастарды тіркеуді ДСМ-нің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің Ақпараттық жүйесі және СҚ-Фармацияның Бірыңғай фармацевтикалық жүйесіне біріктіру ісі аяқталды.
«СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шаріп дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мониторингі үшін компанияда кері байланыс құралдары пайдаланылатынын айтты. «1439 байланыс орталығына хабарласқандардың өтініші жеке қаралады. Яғни, орталық операторы науқасқа қоңырау шалу арқылы мәселесін шешеді. Бүгінде байланыс орталығына 10 мың өтініш түскен, оның 5 мыңы – 2019 жылдың 1 тоқсанда тіркелген», - деді Берік Шәріп.
«Бірыңғай дистрибьютор басшысы компания порталында медициналық ұйымдардағы артылған препараттар бойынша интерактивті анықтама орталығының іске қосылғанын айтты. "Енді медициналық ұйымдардың медпрепараттарға тапсырысы жайлы ақпарат науқастар үшін бұрынғыдан да ашық болады. Аурухана не емхананың қанша дәріге тапсырыс бергенін, оны жеткізу мерзімін онлайн-режимде көре алады",-деді Берік Шәріп
Интерактивті анықтама орталағының пилоттық жобасы биыл 1 тоқсанда ашылды. Ал 1 сәуірде толық іске қосылды.
Сондай-ақ, Берік Шәріп өңірлерге дәрі-дәрмек жеткізу жайлы да айтты. Оның мәліметінше, қазір еліміздегі барлық медициналық ұйымға 33,5 млрд.теңгеге дәрі-дәрмек жөнелтілген.
Осы жылдың 1-тоқсанында еліміз бойынша 14 млрд. теңгеге 2,1 миллион рецепт жазылса, оның 13 млрд.теңгесіне алынған тегін дәрі-дәрмек науқастарға таратылған.