
Қостанай облысындағы іссапарында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Федров ауданында тұратын дәрігерлер династиясымен кездесті.
Финк отбасының денсаулық сақтау саласында 117 жылдық тәжірибесі бар. Бұл фамилия Қостанай облысында мінсіз әрі сапалы медициналық қызмет көрсету кепіліне айналған.
Федровтағы аурханасының хирургия бөлімі ауданның ғана емес, бүкіл Қостанай өңіріндегі денсаулық сақтау саласының мақтанышы. Бұған Финк отбасылық дәрігерлер династиясының қосқан үлесі зор.
Евгений мен Эдуард Финк. Ағалы-інілі қос хирург. Екеуі де Федоров аудандық ауруханада жұмыс істейді. Евгений – хирургия бөлімінің меңгерушісі әрі анестезиолог-реаниматолог. Ал Эдуард – хирург және лор-дәрігер.
Бүгінде Федоров аудандық ауруханасының хирургия бөлімі Қостанай облысында аты аңызға айналған. Мұнда Қостанай, Алматы, Шымкент, тіпті, Ресейден науқастар операция жасатуға келеді. Федоров аудандық хирургия қызметінің құпиясы неде?
Бұл бөлімнің іргетасын 70-ші жылдары Евгений мен Эдурад дәрігердің әкесі - Қазақ ССР-не еңбегі сіңген дәрігер Виктор Вильгельмұлы Финк қалаған. Үлкен-Финк өзі туған Челябинкстегі медициналық институтты тәмамдаған. Кейін қызмет барысымен Федров ауданындағы ауруханаға хирур болып келеді. Он жылдан кейін ол аймақта алғашқылардың бірі болып диагностикалық лапароскопиялық зерттеуді енгізді. Сол арқылы асқазанға және 12 елі ішекке операция жасай бастады. Өңірге жаңа, заманауи әдісті алып келгені үшін Виктор Финкке 1989 жылы «Қазақ ССР –на Еңбегі сіңген дәрігер» атағы берілді.
Денсаулық сақтау саласының ардагері Виктор Вильгельмұлы Финк 2014 жылы 14 ақпанда дүниеден өтті. Дәрігердің көзі кеткенімен, артына кәсібін жалғастыратын ізбасарларын қалдырды. Оның қос ұлы да денсаулық сақтау саласының үздігі, екеуі де «Үздік ауыл дәрігері» деген атқа ие. Қазір Виктор Финктің немерелері де медициналық оқу орынында оқиды. Федров ауданында Финк деген фамилия - сапалы және мінсіз медициналық көмектің кепіліне айналған. Дәрігерлікдинастияның 117 жылдық тәжірибесі бар.
Қазір оның ұлдары Федров аудандық ауруханасында кез келген жедел хирургиялық көмек көрсете алады. Олар эндовидеохирургияны жетік меңгерген. Ауруханада жылына жедел және жоспарлы түрде 600 операция жасалады. Операцияның басым бөлігі 62 пайызы лапороскопиямен атқарылады, хирургиялық белсенділігі – 94 пайыз.
Естеріңізге салсақ, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов іссапар барысында Қостанай облысындағы бірқатар медициналық мекемені аралады.