Қазақстанның медицина ұйымдарында Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі

Қазақстанның медицина ұйымдарында Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі

7 сәуірде Қазақстанның медицина ұйымдарында Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі. Осы жылы ол «Денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамту: барлығы үшін және бүкіл жерде» айдарымен өтеді.

Іс-шаралар 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде  аталып өтеді.

Атап айтқанда, Дүниежүзілік денсаулық күнін мерекелеу шеңберінде  елдің медициналық ұйымдарында сәуірдің 1 нен 10 аралығында ашық есік күндері басталады.

Әрбір ниет білдіруші өзінің денсаулығының жай-күйі туралы арнайы мамандардың консультациялық-диагностикалық және  практикалық бейінді мамандардың көмегін ТЕГІН ала алады, олар: офтальмолог, оториноларинголог, кардиолог, невропатолог, травматолог, педиатр, психиатр-нарколог, эндокринолог, балалар ортопеді, логопед, дефектолог және басқалар.

Бұған қоса, Дүниежүзілік денсаулық күні шеңберінде еліміздің барлық медицина ұйымдарында флешмобтар, салауатты жаттығулар, веломарафондар және т.б. іс-шаралар ұйымдастырылады.

Жалпы білім беретін мектептерде Денсаулық Елшілерінің, танымал спортшылар, әншілер, актерлердің қатысуымен жаттығулар өтеді.

Денсаулық Мектептерінде, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында халықпен медицина қызметкерлерінің, психологтардың, әлеуметтік қызметкерлердің «Уақтылы скрининг өту» тақырыбында кездесулер өтеді.