
Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Қазақстан Республикасы 26 маусымнан бастап қызыл аймақта орналасқан. Түркістан облысын қоспағанда, барлық өңірлер қызыл аймақта тұр. Ағымдағы жылғы 3 тамыздағы жағдай бойынша республика бойынша инфекциялық төсек-орынмен қамту 56%-ды, реанимациялық төсек-орынмен қамту 44%-ды құрады. Инфекциялық төсек-орынмен ең көп қамтылу Нұр-Сұлтан қаласында - 67%, Шымкент қаласында - 77%, реанимациялық төсек-орынмен қамтылу Ақмола облысында - 67%, Атырау облысында - 68%, Маңғыстау облысында - 80% және Нұр-Сұлтан қаласында - 80% екені байқалады.
«Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекциясы бар пациенттерді қадағалау бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатында Министрліктің жетекші қызметкерлері мен медициналық жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының Қазақстанның 10 өңіріне сапарын қамтамасыз етті. Өңірлерде жағдайды егжей - тегжейлі талдау және бағалау жүргізіліп, жағдайды тұрақтандыру үшін нақты ұсыныстар берілді», - деді А.Цой.
Стационарлардың жүктемесін бағалау матрицасына сәйкес қоңыр қызыл аймақта 4 өңір бар: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау және Қарағанды облыстары, оларда төсек-орынмен апталық қамту көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 200 және одан жоғарыны құрап отыр. Министр 2 тамыздан бастап өңірлерде іскерлік белсенділік теңгерімін және эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруды ескере отырып және іске асыру шеңберінде шектеу шаралары қабылданғанын атап айтты.
Сонымен қатар, халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялау жалғасуда. Бүгінгі күні шамамен 9,4 млн доза вакцина пайдаланылды, оның ішінде вакцинаның 1-ші компоненті 5 480 094 адамға егілді, бұл тиісті халықтың 55,4% - ын құрайды. Вакцинаның екінші компонентімен 3 941 941 адам немесе тиісті халықтың 39,8%-ы қамтылған. Министрлік 4 млн. адамға 8 млн. дозаны қосымша жеткізуге келісімшарттар жасады. Жеткізу кестеге сәйкес жүргізілуде.
«Осыған байланысты, республикада халықтың вакцинацияға қол жетімділігі жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Сондай-ақ, А.Цой Нұр-Сұлтан қаласында сырқаттанушылық динамикасы зерделенгенін, дельта штамы елордада алғаш рет (ағымдағы жылғы 20 маусымнан кейін) анықталғанын атап өтті. Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі сырқаттанушылық көрсеткіштерінен аспай бір деңгейде тұр.
«Тамыз-қыркүйек айларына эпидемиологиялық жағдайдың болжамының негізінде біз2021 жылдың тамыз-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлардың болжамды саны шамамен 250 мың адамды (орташа есеппен тәулігіне 7 мыңға жуық жағдай) құрайды деген оптимистік сценарий бойынша келе жатырмыз», - деді Министр.
Алайда, оптимистік сценарийді одан әрі дамыту карантиндік шараларды сақтау және тиісті тұрғындарды вакцинациямен қамтуды арттыру кезінде ғана мүмкін болады деп атап айтты, А. Цой