
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрлігінің ұжымына жаңа вице-министр Қамалжан Надыровты таныстырды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қамалжан Талғатұлы Надыров Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі лауазымына тағайындалды.
Қ. Надыров 1983 жылы Алматы қаласында туылған. С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Тұран университетін, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебін бітірген, әр жылдары Duke University, "The Fuqua School of Business" (АҚШ), "Parkway College" (Сингапур), "Florence Nightingale" клиникалар тобы (Түркия), "Oxford "Social Health Insurance system" (Германия) клиникаларында оқудан өткен.
2007-2014 жылдары Б. О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында: клиникалық ординатор, бөлім меңгерушісі, бас директордың орынбасары болып жұмыс істеген.
Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымында 2014 жылдан бастап жұмыс істейді. Медициналық қызметтерді стандарттау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.
2016-2017 жылдары "University Medical Center" филиалының директоры — Республикалық диагностикалық орталықты басқарды.
2017-2018 жылдары Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып, 2018 жылғы наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.