ҚР ДСМ ҚДСК: Мектеп оқушыларының ата-аналары арасында WhatsApp желісі арқылы Тархун, Citro газдалған сусындарды ішкеннен кейін жұқпалы аурулар ауруханасында баланың қайтыс болғаны туралы таратылған ақпарат жалған болып табылады

ҚР ДСМ ҚДСК: Мектеп оқушыларының ата-аналары арасында WhatsApp желісі арқылы Тархун, Citro газдалған сусындарды ішкеннен кейін жұқпалы аурулар ауруханасында баланың қайтыс болғаны туралы таратылған ақпарат жалған болып табылады

Мектеп оқушыларының ата-аналары арасында WhatsApp желісі арқылы Тархун, Citro газдалған сусындарды ішкеннен кейін жұқпалы аурулар ауруханасында баланың қайтыс болғаны туралы таратылған ақпарат жалған болып табылады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармалары басшыларының ресми деректеріне сәйкес жұқпалы ауру ауруханаларында Тархун, Citro газдалған сусындарды және энергетикалық сусындарды ішкеннен кейін улану фактілері тіркелген жоқ.

Таратылған азық-түлік тізімінде 029/2012 (тағамдық қоспалар) бойынша сусындар мен кондитер өнімдерін өндіруге рұқсат етілген тағамдық қоспалар көрсетілген. Негізінен әрбір бояғыш үшін өнімдердегі құрамында болатын нормалары орнатылған. Тізімде бояғыш көрсеткіші рұқсат етілген деңгейден асып кеткені туралы мәлімет көрсетілмеген.

Азық-түлік құрамында бояғыштарға тыйым салынған азық-түлік өнімдері туралы ақпарат негізінен бейресми интернет-рерурстардан алынған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулықты сақтау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшыларына көрсетілген азық-түлік өнімдерін сараптама жүргізу үшін іріктеуге тапсырма берілді.

Айта кету керек, мұндай ақпарат интернет кеңістікте 2013-2014 жылдан таратылуда.

Естеріңізге сала кетейік, WhatsApp желісі арқылы жалған ақпарат мектеп оқушыларының ата-аналарына мынадай мәтінмен таратылған:

«Құрметті ата-аналар! Мектеп инфекционды жан сақтау бөлімінде бала қайтыс болғанын ескертеді. Демалыс күндері ол тархун (шыныда) ішеді. Билирубин, уыттану, 2 күн комада болып, жанының аман алып қалуға мүмкіндік болмады. Балалармен сөйлесіңіздер, түсіндіріңіздер! Қазір Ситро ішкен тағы бір қыз бар (шыны, марка есімде жоқ), жұма күннен бастап капельница астында. Дәрігер айтып өткендей, энергетик сусындарын ішкеннен кейінгі нәтижелермен жарты бөлімше жатыр. Ақпаратты таратыңыздар және балаларға ескертіңіздер!

Балаларға арналған өнімдердің қара тізімі! Достарыңызға айтыңыздар!

1. "Тархун" сусыны Украинада өндірілген ("Росинка" маркасы) - құрамында Е102 қауіпті бояғышы бар;

2. Milky Way шоколад батончигі, Ресейде өндірілген ("Марс" компаниясы) - құрамында Е129 қауіпті бояғыш бар;

3. Алкогольсіз сусын Schweppes, Украинада өндірілген "Пряна Журавлина" (Кока-Кола компаниясы) - құрамында Е129 қауіпті бояғыш бар;

4. Алкогольсіз сусын "со вкусом лайма", Украинада өндірілген ("Оболонь" маркасы) - құрамында Е102 қауіпті бояғыш бар;

5. Мармелад" апельсин және лимон бөліктері", Украинада өндірілген ("толық тостаған" маркасы) - құрамында Е102 және Е110 қауіпті бояғыштар бар;

6. Балалар драже M&Ms, Ресейде өндірілген ("Марс" компаниясы) - бірден 5 қауіпті бояғыштардан тұрады;

7. "Барбарис" кәмпиттері, Украинада өндірілген ("толық тостаған" маркасы) - құрамында Е122 қауіпті бояғыш бар және т.б.