Қазақстанда алғаш рет бауырды транспланттау бойынша операция жасалды

Қазақстанда алғаш рет бауырды транспланттау бойынша операция жасалды

Қазақстанда және ТМД елдерінде алғаш рет 2019 жылғы 10 наурызында А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында Оңтүстік Кореялық Асан клиникасының хирургтарымен бірлесе отырып екі тірі донордан бауырды транспланттау бойынша операциясы өткізілді. Бұл өзгеріс - Dual Graft деп аталады.

Пациент, Алматы қаласының тұрғыны, «бауыр циррозы» диагнозымен 3 жыл бойы ауырған. Науқас А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына жүгінді. Зерттеу барысында бауырының бір бөлігін беруге науқастың көптеген жақын туыстары келді. Алайда, ынта білдірген туыстарының сегізінде тексере келгенде операциядан кейін бауырдың аз бөлігі қалып, одан әрі бауыр жеткіліксіздігінің даму қаупі жоғары болды. Осы операцияны Оңтүстік Кореяның Асан клиникасының хирургтерімен бірлесіп жүргізуге шешім қабылданды. Донор ретінде пациенттің 1980 және 1993 жылдары туылған екі ағасы келісімдері бойынша таңдап алынды. Оңтүстік Кореяның Асан клиникасында 2000 жылы әлемде бірінші рет профессор Sung-Gyu Lee осындай операцияны жүргізгендігін атап өту қажет. Реципиентті жеткілікті мөлшерде бауыр бөлігімен қамтамасыз ету үшін және донорлық қауіптілікті төмендету мақсатында техникалық түрде күрделі операция жасалады. Бұл жағдайда донорларда бауырдың 70%-ы қалады.

Мәйіттік донорлар аз немесе мүлде болмаған жағдайда және бұндай бағдарлама жоқ елдерде тірі донордан алынған бауыр трансплантациясы – терминалды бауыр аурулары бар науқастарды түбегейлі емдеудің жалғыз әдісі болып табылады.

Әлемде екі тірі донордан бауырды транспланттау операциясы Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия, Тайвань,  Франция елдерінде және енді Қазақстанда жасалады.

Ота 15 сағатқа созылды және 30 аса медициналық қызметкерлер қатысты. Ота сәтті өтті. Қазіргі таңда отадан кейін пациенттер (реципиент және екі донор) өздерін жақсы сезінеді. Олар бөлімшеде және жалпы жағдайлары қалыпты.

Анықтама үшін: 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 282 бауырды транспланттау жасалды (олардың 47-і мәйіттік донордан кейінгі). 2018 жылы А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында тірі донордан 22 бауырды транспланттау жасалды. Республикалық трансплантаттауды үйлестіру орталығының күту парағында 332 науқас бауырды транспланттау кезегін күтуде.