ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: Шымкент қаласында уланған пациенттердің (мектеп оқушылары және ересектер) барлығы жақсарумен үйге шығарылды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: Шымкент қаласында уланған пациенттердің (мектеп оқушылары және ересектер) барлығы жақсарумен үйге шығарылды

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес ағымдағы жылғы 19 наурызда сағат 08.00-гі жағдай бойынша ГБОО-ға бас айналу, жүрек айну, естен тану белгілерімен барлығы 45 адам ауруханаға түскен (жедел медициналық жәрдем станциясының бригадаларымен жеткізілгендер - 44, өз бетінше жүгінген - 1), оларға «Жеңіл дәрежедегі табиғи газ компоненттерінің улы әсері» диагнозы қойылды. 45 стационарға қаралғандардың ішінде 41-і №54 мектептің балалары, ересектер - 4 (2 – мектеп қызметкерлері, 2 – Ынтымақ шағын ауданының тұрғындары).

Барлық ауруханаға жатқызылған пациенттерге дезинтоксикациялық терапия жүргізілді, барлық пациенттер жақсарумен шығарылды.

ГБОО-да медициналық көмекті токсикологиялық бөлімшесінің 3 дәрігері және Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас психологы (зардап шеккен балалардың ата-аналарымен жұмыс істеу үшін) көрсетті. ГБОО-да медициналық көмек көрсету үшін дәрілік заттардың, медициналық мақсатта қаолдынылатын бұйымдардың, қатты және жұмсақ мүкәммалар қоры жеткілікті мөлшерде.

Бұған қоса, учаскелік желі зардап шеккендерді анықтау және стационардан шығарылған пациенттерді белсенді бақылау үшін аулаларды аралау жүргізуге тартылған (№9 қалалық емхана). №54 мектеп жанында 112, 101, 102, 104 қызметтерімен бірге ЖМЖС бригадасы кезекшілік етуде.

Естеріңізге салайық, кеше 18 наурызда сағат 16:35-те қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының (бұдан әрі - ЖМЖС) пультіне №54 мектеп оқытушысынан "газбен улануға күдікті" деген себеппен шақырту келіп түсті. Зардап шеккендерді мектептен тасымалдау үшін ЖМЖС 7 кареталары жұмылдырылды. Жоғарыда аталған мектептен барлығы Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығының токсикология бөліміне (бұдан әрі - ГБОО) 24 адам, оның ішінде 22 оқушы және 2 ересек (1 техникалық қызметкер, 1 оқытушы) тасымалданды.

18 наурыздың сағат 17:00-ден 19 наурыздың сағат 00:25 минутқа дейін аталған елді мекеннен ЖМЖС пультіне 23 шақыру келіп түсті, оның 20-сы ГБОО-ға жеткізілді, 3-уі жағдайдың жақсаруына байланысты сол жерде қалдырылды. Бұл кезеңде шақыруларға қызмет көрсету үшін ЖМЖС-тің 12 бригадасы жұмылдырылған.

Сондай-ақ, Шымкент қалалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары Ұлттық сараптау орталығының Түркістан облысы бойынша филиалының мамандарымен бірлесіп мектептің жабық үй-жайларының ауасынан сынама алынды және үлгілері зерттелді, ауаның сынамасы қалыпты.