
Қазақстанда алғаш рет токсикологиялық көмекті ұйымдастыру стандарты бекітілді, ол барлық кезеңдерде емдеудің сабақтастығын сақтай отырып, химиялық заттармен улану кезінде пациенттерге токсикологиялық көмекті ұйымдастыру принцитері мен тәртібін көздейді.
Атап айтқанда, химиялық заттармен уланған пациенттерге амбулаториялық-емханалық, консультациялық-диагностикалық, стационарларлық, жедел медициналық көмек стационарлық, санитариялық авиация деңгейінде көрсетілетін медициналық көмектің нысандары мен госпитальға дейінгі және госпитальдық кезеңдерде көрсетілетін медициналық көмектің көлемі анықталды.
Улану кезінде медициналық көмекті ТМККК шеңберінде жедел медициналық көмек көрсету станциялары (шағын станциялар), санитарлық авиация бөлімшесі, аудандық, қалалық, облыстық деңгейлердегі стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың клиникалық бөлімшелеріндегі токсикологиялық төсектер; облыстық, республикалық маңызы бар қалалық деңгейдегі көп бейінді ауруханалар құрылымындағы токсикологиялық бөлімшелер (орталықтар) сияқты барлық деңгейдегі медициналық ұйымдардың бейінді мамандарының тегін көрсететінін айта кету керек.
Бұдан басқа, осы Стандарт уланудың алдын алуға бағытталған іс-шараларды қөздейді. Яғни, халық пен бейінді емес медицина қызметкерлері ақпараттық-іздестіру токсикологиялық жүйелерін пайдалана отырып, улану мәселелері бойынша ақпараттық - консультациялық көмек ала алады. Сондай-ақ авариялық-қауіпті химиялық заттардың шығарылуына байланысты төтенше жағдайлар туындаған кезде басқа ведомстволармен және қызметтермен медициналық көмекті ұйымдастыру бойынша өзара іс-қимыл жасау көзделген.
Осы стандарт медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру арқылы химиялық заттармен уланудан болатын өлім-жітімді төмендетуге мүмкіндік береді.
«Қазақстан Республикасында токсикологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» тиісті бұйрыққа ҚР Денсаулық сақтау министрі қол қойғанын және ағымдағы жылғы 25 ақпаннан күшіне енгенін естеріңізге саламыз.