
Әлемдегі алғаш рет жасалған жасанды жүрек имплантациясы Астанада жүргізілді. Болашақта осындай операциялар қазақстандықтарға тегін жүргізілетін болады.
Халықаралық статистикаға сәйкес әлемде 26 миллион адам созылмалы жүрек функциясының жетіспеушілігімен (СЖФЖ) ауырады және жыл сайын шамамен 900 мың жаңа пациент анықталады. Оның ішінде шамамен 800 мың пациент жүрек трансплантациясына мұқтаж, олардың ішінде диагностиканың бірінші бес жылы ішінде донорлық жүректің кезегіне жете алмай 7%-дан 50 % дейін адам қайтыс болуда.
Осы патологияны емдеудегі алтын стандарт трансплантация болып табылады, алайда донорлық ағзаның тапшылығына байланысты жүрекке механикалық қолдау көрсетуді пайдалану белсенді дамуда.
Осыған байланысты, СЖФЖ хирургиялық емдеудегі революциялық серпін инновациялық технологияны – жүрекке қолдау көрсетудің толығымен имплантталған жүйесін қолдану болып табылады.
Халықаралық әріптестердің осы көп жылғы әзірлемесіне Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың (бұдан әрі - ҰҒКО) командасы қатысты, бұл орталықты әлемдегі бірінші операцияны жүргізу үшін таңдап алуға ықпал етті. Юрий Пяның басшылығымен қазақстандық кардиохирургтер командасы Чехиядан, Израильден, Италиядан және АҚШ-тан келген әріптестермен қосалқы қанайналым құрылғысын импланттау бойынша бірегей операцияны табысты жүргізді. Толығымен имплантталған құрылғы (FIVAD) әлемдегі бірінші қосалқы құрылғы болып табылады, ол пациенттерге сыртқы қоректендіру көзіне тікелей қоспай өмір сүруіне мүмкіндік береді.
"Қазақстанның өңірлерінде 2018 жылы ашық жүрекке 11 мыңнан аса операция және 78 мыңнан аса интервенциялық манипуляция жасалды. Республикалық медициналық ұйымдарда ашық жүрекке 3713 операция және шамамен 12 мың интервенциялық араласулар мен зерттеулер жасалды. «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ Орта Азия елдері арасындағы кардиохирургиялық қызмет саласындағы лидер болып табылады. Кардиохирургиялық орталықтың командасы шетелдік әріптестерімен бірлесіп әлемде бірінші рет сол жақ қарыншаның қосалқы қанайналым құрылғысын импланттау бойынша бірегей инновациялық операцияны жүргізді, ол толығымен имплантталған құрылғы болып табылады. Бұл біздің дәрігерлердің пәрменді жұмысы болып табылады. Осы инновациялық операциялар кардиохирургтардың әлемдік практикасында одан әрі пайдаланылады деп сенемін ", - деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Бүгінгі таңда, осы жүректің сол жақ қарыншасының қосалқы құрылғы жүйесі пациенттер үшін еркін қозғалуына мүмкіндік беретін, артық сыртқы жабдығы (кабель) жоқ ең қауіпсіз жүйе болып табылады, бұл бірқатар ауыртпалықтарды төмендетеді және өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартады. Осы жағдайдың кардиохирургиялық практикада бірінші рет болып отырғанын және әлемдегі бірегейде жалғыз болып табылатынын атап өту қажет.
Операция жасалған пациент іс жүзінде қалыпты өмір сүру салтына оралады, күнделікті шаруаларымен айналысуға ғана емес, сондай-ақ суда жүзі мүмкіндігіне ие болады, бұл құрылғылардың балама моделін пайдалану кезінде мүмкін болмаған.
«ҰҒКО» АҚ Басқарма Төрағасы Юрий Владимировичтің пікірі бойынша, толығымен имплантталған қанайналым құрылғысы – жаңа жүйесі: FIVAD жүрек функциясы жетіспеушілігінің терминалдық сатысын емдеудегі парадигма мен тәсілдерді өзгертудегі перспективасы өте жоғары. Біз пациенттерге хирургиялық араласудан кейін толыққанды және сапалы өмір сүруге мүмкіндік беретін осы серпінді технологиялық жетістікті ұсынғанымыз үшін қуаныштымыз».
Анықтама: Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық кардиохирургия және кардиология саласындағы өзінің жаңашылдық және табысты қызметінің арқасында Орталық Азиядағы жетекші медициналық ұйымның бірі болып табылады. Оның негізгі міндеті жүрек-қан тамыры ауруларымен науқас пациенттердің денсаулығын жақсарту және Қазақстан азаматтарының өмір сүру ұзақтығын ұлғайту болып табылады. Орталық медициналық қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыруға, инновациялық технологияларды енгізуге және зерттеу жұмыстарын дамытуға бағдарланған. Орталық құрылған сәттен бастап 7 жыл ішінде орталық-азия өңірінде жүрек және өкпе трансплантациясын алғашқылардың бірі болып енгізді және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде (бұрынғы кеңес республикалары) жүрекшенің сол жақ қарыншасына арналған қосалқы құрылғыларды алғашқы болып енгізді. Қазіргі уақытта Орталық CARMAT және Heartmate 3 қоса алғанда көптеген халықаралық клиникалық сынауларды өткізу орны болып табылады. 2018 жылы Орталық 42 құрылғылардың және жасанды қанайналымының имплантациясын қоса алғанда 9000 астам операция және жүректі ауыстырып-қондыру бойынша 8 операция өткізді.