
Жыл сайын әлемде Халықаралық обырға қарсы одақтың (UICC) бастамасы бойынша 4 ақпанда бүкіл Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні атап өтіледі. Акцияның мақсаты –халықтың онкоаурулар профилактикасы және ерте анықтау туралы хабардарлығын арттыру, өзінің денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, қолжетімді скрингтік зерттеулер туралы ақпараттандыру.
2019 жылғы 1-10 ақпан аралығында Қазақстанда #IAmAndIWill ұранымен кең көлемді ақпараттық-ағарту акциясы өтеді. Біздің мақсатымыз – әрбір адамның индивидиум ретінде обыр қаупін болдырмауға жеке үлес қоса алатынына көзін жеткізу.
Әлеуметтік желілерде #IAmAndIWill #WorldCancerDay хештегімен эстафетасы бастау алды, онда пайдаланушылар өздерінің обырмен күресте не істей алатыны туралы әңгімелейді.
Өткен жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданды, ол 4 бағытты көздейді:
1. Тәуекел факторларының профилактикасы және оларды басқару
2. Тиімділігі жоғары ерте диагностикалау
3. Онологиялық көмек көрсетудің интегрирацияланған моделін енгізу
4. Кадрлық әлеует пен ғылымды дамыту
Обырмен күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспар шеңберінде онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты жетілдірілуде.
Сондай-ақ ҚР ДСМ Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты (бұдан әрі – ҚазОРҒЗИ) онкологиялық аурулар бойынша 30 клиникалық хаттаманы өзектілендірді.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуітабыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауларында айтылған тапсырмаларын іске асыру үшін «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 255 қаулысы қабылданды. Осы орталықтың құрылысы осы жылы басталатын болады.
Ағымдағы жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қажетті ұйымдастырушылық-дайындық іс-шараларын бастап кетті.
Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы еліміздің халқын озық халықаралық тәжірибе негізінде қатерлі ісік сырқаттарын ерте диагностикалау мен емдеудің тиімділігі жоғары және жоғары технологиялық әдістерімен қамтамасыз етуге арналған.
Бұдан басқа, өңірлерде (Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары), оның ішінде МЖӘ тарту арқылы онкологиялық орталықтары бар көп бейінді клиникалар салу бойынша мәселе пысықталды.
Паллиативтік көмек және ауырсынуға қарсы терапия бойынша жаттықтырушыларды даярлау жүріп жатыр. Бекітілген оқу жоспарларына сәйкес Қаз ОРҒЗИ өңірлердің МСАК мамандарының онкологиялық науқастарды оңалту және қолдаушы терапия және паллативтік көмектің психологиялық аспектілері бойынша біліктілігін арттыру циклдарын жүргізді.
ҚазОРҒИИ біліктілігін арттырудың 17 циклын жүргізді – 365 онколог маман оқып шықты. Бекітілген жоспарлар шеңберінде институттың мамандары шығыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және басқа да облыстардың МСАК-тың 513 медицина қызметкерін (жалпы практика дәрігерлері, орта медицина қызметкерлері) оқытты.
54 резидент, 48 жаңадан түскен резидент екінші жыл оқудан өтуде, 2018 жылы келген 74 жас маман резедентураны табысты аяқтап шықты және өңірлер бойынша бөлінді.
Обырды зерделеу бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту қамтамасыз етілуде. Халықаралық ынтымақтастықты дамыту шеңберінде Қаз ОРҒЗИ мен «Н.Н. Петров атындағы Онкология ғылымыи-зерттеу институты» ФБГУ (Санкт-Петербург қ.), Ташкент Өзбекстан Республикасының Медициналық Академиясы (Ташкент қ.), Montreal Epiterapia Inc арасында өзара іс-қимыл және өзара ғылымыи ынтымақтастық туралы меморандумға (келісімге), Кингс Хелс Экономикспен, Кингс Колледж Лондонмен (Ұлы британия), Ресей Денсаулық сақтау министрлігі П.А. Герцен атындағы МНИОИ-мен (Москва қ.), Беларусь Республикасының Н. Н. Александров атындағы Республикалық ғылыми-практикалық онкология және медициналық радиология орталығымен (Минск қ.) өзара іс-қимыл және өзара ғылыми ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Жыл сайын елімізде обырдың шамамен 35 мың жаңа жағдайы тіркеледі. Бүгінгі таңда, диспансерлік есепте шамамен 179 мың қазақстандық есепте тұр.
Сырқаттанушылық құрылымында 1 орында – сүт безі обыры (12,6%), 2 орында – өкпе обыры (9,9%), 3 орында – асқазан обыры (7,4%), 4 орында жатыр мойны обыры мен тоқішек обыры орналасқан (4,7%).
Сүт безі обырымен 5 және одан көп өмір сүретін онкологиялық аурулардың үлес салмағы 54,4% дейін (индикаторлық көрсеткіші -51,4%, 2017 жылы – 53,2%), жатыр мойны обрымен 55,5% дейін (индикаторлық көрсеткіші -53,9 %, 2017 жылы – 54,2%), колоректальды обырмен 45,4% дейін (индикаторлық көрсеткіші - 43,1%, 2017 жылы – 43,7%).
0-І кезеңіндегі онкологиялық сырқаттарды, қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау жақсарып, қатерлі істіктердің жаңа жағдайларының жалпы құрылымда 26,2% құрады (индикаторлық көрсеткіші 24,1%, 2017 жылы – 24,7%).