
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой Орталық коммункациялар алаңында өткен брифингте баяндады.
Алексей Цойдың айтуынша республика халқының арасында 14 инфекциялық аурулар бойынша ауру жағдайлары тіркелмеген, 2017 жылмен салыстырғанда 25 нозология бойынша төмендеуіне қол жеткізді, оның ішінде: тері лейшманиозы 3,3 есе, гименолипедоз 2 есе, дерматомикоз 13,7%-ға, ЖРВИ 12,6%-ға, дизентерия 11,9%-ға, лямблиоз 11,7%-ға, бруцеллез 10,8%-ға, энтеробиоз 9,8%-ға, туберкулез 7,8%-ға, эхинококкоз 7,1%-ға төмендеді.
«Бірінші рет Қазақстан Республикасында туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 2018 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 50-ден төмен деңгейде (48,8 құрады), бұл ДДҰ бағалауы бойынша оң көрсеткіш болып табылады» - деп толықтырды вице-министр.
Бұған қоса, Қазақстанда 2018 жылы менингококк инфекцияның 96 жағдайы тіркелді. Бұл инфекция бойынша жағдай қазіргі кезде республикада тұрақтанды, ағымдағы жылғы 30 маусымнан бастап бірлі-жарым спорадиялық жағдайлар тіркелуде. Қазақстан республикасында менингококк инфекциясымен сырқаттанудың орташа көп жылдық деңгейінің 100 мың тұрғынға шаққанда көрсеткіші - 2,1, ал қазіргі уақытта Қазақстанда сырқаттану деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда – 0,5 құрап отыр, бұл шекті деңгейден 4 есе төмен» - деді Алескей Цой.
Сондай-ақ, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин брифингте сөз сөйлеу кезінде, республикада ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Қоғамдық денсаулық сақтау комитетімен 1 желтоқсаннан бастап аумақ бөлінісі бойынша ЖРВИ және тұмаумен сырқаттануына күнделікті мониторинг жүргізіліп жатыр. Республикада А тұмауы вирусының ішінара тіркелуі (тұмаудың 246 жағдайы тіркелді, оның ішінен A(H1N1) – 204, A(H3N2) – 40, В - 2) және тұмауға жатпайтын респираторлық вирустардың (парагрипп, риновирус, аденовирус және басқалар) айналымда болуы байқалады. Эпидемиологиялық маусымның басталғалы бері (2018 жылғы 1 қазаннан бастап) ЖРВИ-ның 190 мыңнан астам жағдайы тіркелді, сырқаттану деңгейі өткен жылдың деңгейінен 16 % төмен. ЖРВИ-мен ауырған адамдардың негізгі бөлігін 14 жасқа дейінгі балалар құрайды (65 %). Вакцинация кампаниясы басталғаннан бастап тұмауға қарсы 2 млн 60 мың адам егілді, ол республиканың жалпы халқының 11,3 %-ын құрайды. Вакцинациядан кейінгі асқынулар тіркелмеген.
«Тұмау және ЖРВИ профилактикасы ағзаның өзіндік қорғаныш күшін нығайтуға бағытталған және вакцинациямен қатар жүргізіледі.Спецификалық емес қорғаныш ретінде иммунитетті жақсарту препараттары (анаферон, интерферон, виферон, интерферон индукторы), вирусқа қарсы жақпамайлар (оксалин, антивир және т.б.), поливитаминдер қолданылады» - деп толықтырды Жандарбек Бекшин.
«ЖРВИ-мен ауыратын адамдармен қарым-қатынаста болмау, науқас адамдармен қарым-қатынаста болған кезде бетперде кию, қолды сабынмен немесе антибактериальдық заттармен (құрамында спирт ерітіндісі бар) жуу, жөтелгенде және түшкіргенде бір рет пайдаланылатын орамал немесе сулықтарды пайдаланып, мұрын және ауызды жабу, көзді, мұрын және ауызды лас қолмен ұстамау, адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу (ойын-сауық және спорт іс-шаралары, жиналыстар, кездесулер және т.б.), үй-жайды тұрақты желдету, салауатты өмір салтын ұстану (жақсы ұйқы, таза ауа, белсенді демалыс, дәрумендерге бай құнарлы тамақ) қажет. Ағзаны шынықтыру қажет: тамақты салқын сумен шаюдан бастап контрасты себезгі және бассейнге дейін. Науқас адам үйде болған жағдайда оны оқшаулауды қамтамасыз ету, науқас және сау адамдар да бетпердені пайдалануы қажет. Қоғамдық көлікте, дәрігерге кезекте тұрғанда инфекцияның таралуын болдырмау үшін дәрігерді үйге шақырту қажет» - деп сөзін қорытындылады ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері.