
2018 жылы әлемнің көптеген елдерінде қызылшамен сырқаттану жағдайының асқынуы тіркелді, оның ішінде Үндістанда 70 мыңнан астам жағдай тіркелді, Украинада – 38 мыңнан астам, Қытайда – 29 мыңнан астам, Малайзияда (9110), Тайландта (5461), Сербияда (5057), Пәкістанда (4447), Ресейде (4185), Мексикада (3690), Түркияда (3307), Францияда (2787), Ауғанстанда (2783), Италияда (2592), Грецияда (2261), Грузияда (2019), Жапонияда (1529), Қырғызстанда (1238), Англияда (910 жағдай) тіркелді. Бұл ретте, қызылшадан 68 өлім жағдайы тіркелді.
Еуропа аймағында және көрші елдерде қызылша эпидемиологиялық жағдайының асқынуын ескере отырып, және Қазақстанның кейбір аймақтарында қызылшалардың оқиғаларын тіркелуін есепке ала отырып, 2018 жылдың 26 маусымында «Қазақстан Республикасында қызылшаға қарсы санитарлық-профилактикалық және санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы бекітілді.
Қазақстан Республикасында 2018 жылы қызылшаның 576 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 484 жағдай (84 %).
Сырқаттану көбінесе егілмеген балалар арасында тіркеледі, олар 76 % (436 жағдай) құрайды.
Олардың ішінде егу жасына жетпеу себебінен егілмегені (1 жасқа келмеген) – 272 (62 %), медициналық шеттетуге байланысты – 119 (27 %); вакцинациядан бас тартуға байланысты – 45 (11 %).
2018 жылы Қазақстан Республикасында қызылшамен сырқаттанудың деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда – 2,8 құрап отыр, бұл шекті деңгейден 8 % төмен (сырқаттанудың орташа көп жылдық деңгейі – 3,03).
2019 жылдың басынан қызылшаның 594 жағдайы тіркелді, оның ішінде
14 жасқа дейінгі балалар арасында 440 жағдай (74 %).
Қазіргі уақытта қызылшаның жағдайлары елдің барлық өңірлерінде тіркелуде: Астана қаласында – 472 жағдай, Шымкент қ. – 20, Атырау облысы – 25, Түркістан облысы – 17, Ақмола облысында – 16 жағдай, Алматы қаласында – 10 жағдай. Басқа облыстарда аурудың бірлі-жарым жағдайлары тіркелді.
Инфекция ошақтарында қызылшаға қарсы егілмеген балаларды анықтауға және вакцинациялауға бағытталған эпидемияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырылды. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша қызылшаға қарсы егілмеген және егілгендігі туралы деректер жоқ 30 жасқа дейінгі 2342 адам егілді.
Қазақстанда балаларды жоспарлы иммундау және ошақтарда қатынаста болған адамдарды вакциналау үшін вакцина жеткілікті.
Қызылша - жиі асқынулар беретін вирустық жіті жұқпалы ауру.
Қызылшаның симптомдары: Алғашқы белгілері: жалпы әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, мұрын бітуі, тамақтың ауыруы, жарықтан қорқу, көздің қызаруы, жас ағу (конъюнктивит), жөтел;
Негізгі белгілері: бастан бастап, одан кейін дененің төменгі бөлігіне және аяққа дейін түсіп, таралатын, бүкіл денеге бөртпе шығу; ақ (ұнтақ жарманың жиналуы сияқты) және ауыз қуысындағы қызыл дақтар.
Қызылша пневмония (өкпенің қабынуы), бронхит, энцефалит (ми қабығының қабынуы) сияқты асқынулармен қауіпті, олар медициналық көмекке кеш жүгінгенде және ауыр қосымша аурулар болған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.
Қызылшаны емдеудің тиімді және ерекше әдісі жоқ.
Қызылшадан жалғыз тиімді қорғау вакцинация болып табылады. Қазақстанда қызылшаға қарсы егу екі рет жүргізіледі: біріншісі 1 жаста және екіншісі 6 жаста. Қызылшаға қарсы вакцинациялау үшін қызамық және паротитті компоненттермен біріктірілген (ҚҚП) қауіпсіз және тиімді вакцина қолданылады.
Қызылшадан қорғау үшін ұсыныстар:
- ата-аналарға өз баласының қызылшаға қарсы егу мәртебесін тексеру, вакцинация болмаған жағдайда - қызылшаға қарсы профилактикалық егуді алу;
- қызылшаға қарсы әр түрлі себептермен егілмеген балалардың ата-аналарына әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуды, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы ойын алаңдарына баруды шектеу;
- катаралды құбылыстармен (дене қызуының жоғарылауы, бас ауруы, әлсіздік) аурудың алғашқы белгілері және бөртпе пайда болған кезде дәрігерге қаралу, қызылша ауруына тексеруден өту және оның барлық нұсқауларын орындау.
Бұдан басқа, сапарларды жоспарлау кезінде сапарға шыққан азаматтарға елден шығуға және қорғау шараларын қолдануға жоспарланған инфекциялардың эпидемиологиялық жағдайын білуге кеңес беріледі, ал қызылша жағдайында бұл вакцинация.