
Жаңа туылған нәрестелер саны жағынан бірінші орында Алматы қаласы тұр. Мұнда жылдың ең соңғы күні 106 бала дүние есігін ашты. Одан кейінгі орындарда тұрған Алматы облысында - 66, Жамбыл облысында – 57, Астана қаласында – 51, Атырау облысында – 46, Қарағанды облысында 44 бала дүниеге келді.
Айта кету керек, Қазақстанда 2017 жылдың 31 желтоқсанында 768 сәби дүниеге келген