
2018 жылғы 19 желтоқсанда Астана медицина университетінде «С.Д. Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университеті» АҚ ректоры Талғат Нұрғожиннің төрағалық етуімен, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен Медициналық ЖЖО оқу-әдістемелік бірлестігінің (ОӘБ) кеңейтілген отырысы өтті.
Бірлестіктің жұмысында денсаулық сақтау жүйесінің 86 өкілі, олардың арасында 12 медициналық ЖОО, 10 ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарының, акредиттелген агенттіктердің, Ұлттық денсаулық сақтау палатасының өкілдері, Астана Медицина университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
Медициналық ЖОО оқу-әдістемелік бірлестігінің мақсаты медициналық білім берудің сапасы мен мәртебесін білім беру ұйымдарының әдістемелік қызметін басқару құқығымен өзін-өзі реттеу ұйымына дейін арттыру болып табылады.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатысушыларға құттықтау сөзін жолдады. Қатысушыларға құттықтау сөзін жолдай отырып, Министр жаһандану жағдайында пациенттің әртүрлі елдегі медициналық көмек көрсету сапасын салыстыру мүмкіндігіне ие болатынын атап өтті. Жалпы денсаулық сақтау кадрларын даярлау сын көтермейді және ЖОО кадрларды даярлау нәтижесі үшін қоғам алдында жауапты.
Отырыстың күн тәртібіне Медициналық және фармацевтикалық білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасын талқылау, медициналық ЖОО қызметін рейтингілік, 1-3 курс студенттерінің білімін тәуелсіз бағалау нәтижелерін бағалау әдістемесін апробациялау, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы ҚР Кодексінің және ҚР ДСМ медициналық білім беру саласындағы бұйрықтардың жобаларын талқылау мәселелері кірді.
«Кадрларды даярлау кәсіби бейімдеуден және абитуриенттерді қабылдаудан бастап теңгерімделген жүйе түріндегі зейнеткерлікке шықанға дейін денсаулық сақтау жүйесіндегі адами капиталды қамтуы тиіс. Білім беру жүйесін студентті бағалаудың жинақтаушы жүйесінен оқытушының қызметін талдауға дейін цифрландыру мүмкіндігіне тиісті көңіл аудару қажет» деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Кеңеске қатысушылар Тұжырымдаманың практикалық бағытталғаны туралы оң пікірін білдірді, теорияның практикамен интеграциясы ғана болашақ дәрігерлерді даярлаудың сапасына әсер етуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, үздіксіз кәсіби білім беру, мамандарды лицензиялау және кәсіби жауапкершілікті сақтандыру мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.
Қорытындылай келіп Тұжырымдаманың жобасын пысықтау және өңірлермен талқылауға және Денсаулық сақтау министрлігі Алқасының кеңейтілген отырысына шығару туралы шешім қабылданды.