
2018 жылдың 11 айында жоғары технологиялы медициналық қызметтер шеңберінде ҚР ДСМ Ұлттық нейрохирургия орталығының мамандарымен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде 2,2 млрд теңге сомасына 1381 операция жасалды.
Атап айтқанда, келесі жоғары технологиялы операциялар: эндоваскулярлық -337, ми қантамырларын клипстеу – 41, нейромониторингті қолданумен ми ісіктерін алып тастау бойынша операциялар -109 және нейронавигацияны қолданумен - 302, ісіктеді эндоскопиялық алып тастау -159, жұлын ісіктерін алып тастау -100, соның ішінде нейронавигацияны қолданумен -12, эндокорректорларды қолданумен спондилодездер -74 және кейдждерді қолданумен -20, вертебропластика – 21, протездерді имплантациялау -33, стереотаксиялық рамалық жүйені қолданумен операциялар – 16, эпилепсия кезіндегі лобэктомия – 5, экстра-интракраниалды шунттау – 23, Паркинсон ауруы кезіндегі және омыртқаның күрделі жарақаты кезіндегі нейростимуляторлардың имплантациясы -52, бассүйек-ми нервтерінің декомпресиясы -72.
ТМККК шеңберінде жоғары технологиялы медициналық қызметтер ҚР азаматтарына тегін жүргізіледі. Мұндай операцияның құны 936 мың теңгеден 8,5 млн.теңгеге дейін соманы құрайды, олар бюджет есебінен төленеді.
«Нейрохирургия» бейіні технологиялары бойынша ЖТМҚ саны 2012-2017жылдары ішінде 14930 құрады және жыл сайын бұл көрсеткіш артуда.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР ДСМ Ұлттық нейрохирургия орталығы емдеудің заманауи әдістерін қолдана отырып пациенттерді ерте диагностикалау мен оңалтудан бастап өз саласында көшбасшылық орынды алады. Орталық жетекші ғылыми-практикалық және ұйымдастырушы-әдістемелік орталық болып табылады және ҰНО базасының өзінде ғана емес, сондай-ақ өңірлерге сапарларда оқыту мастер-кластарын өткізу жолымен кадрлық әлеуетті дамытуды жүзеге асырып және практикалық медицинада инновациялық әдістерді енгізе отырып Қазақстандағы нейрохирургиялық қызметтің дамуына айтарлықтай үлес қосуда.