ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елдегі онкологиялық орталықтарды заманауи медқұрылғылармен жабдықтау бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елдегі онкологиялық орталықтарды заманауи медқұрылғылармен жабдықтау бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2018 жылғы 11 желтоқсанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және «Varian Medical Systems International AG» компаниясы және "Астана Сервисез Менеджмент Групп/Astana Services Management Group" ЖШС компаниясымен  ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қоюдың мақсаты - елдің онкологиялық қызметін дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің табысты және қаржылық тиімді моделін құру.

Республикалық мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде Республика Үкіметімен бекітілген 2018-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында қатерлі ісікпен күресу жөніндегі Кешенді жоспарға сәйкес Астанадағы Ұлттық онкологиялық зерттеулер орталығы радиотерапия және протон терапиясына арналған жабдықпен, сондай-ақ 10 өңірлік онкологиялық орталықпен сәулелік терапия машиналарымен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығын құру жөніндегі жұмысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және 2018 жылғы 5 қазанда «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асырылады.

Бұл орталықтың құрылысы 2019 жылы басталады. Биылғы жылы Денсаулық сақтау министрлігі қажетті ұйымдастырушылық және дайындық жұмыстарын бастады.

Ұлттық ғылыми онкологиялық  орталығы халыққа ерте диагностиканың жоғары тиімді және жоғары технологиялық әдістерімен және халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, онкологиялық ауруларды емдеуді қамтамасыз етуге арналған.

Анықтама: Қазақстанда жыл сайын 35 мың жаңа обыр ауруына шалдыққан адам тіркеледі. Қазақстандағы 170 мыңға жуық адам обыр ауруына  шалдыққан.

Обыр ауруының таралуы жаһандық сипатқа ие болып отыр, бұл қазіргі заманғы және озық терапияға пациенттердің қолжетімділігін арттыру қажеттілігін тудырады.

Varian Medical Systems – обыр ауруын, радиохирургияны, протон терапиясын және брахитерапияның көмегімен обыр және басқа ауруларды емдеуге арналған медициналық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді шығаратын американдық компания.

Компания денсаулық сақтау саласындағы халықаралық іс-шараларды жүзеге асырады, ол әлемнің 70 елінде, соның ішінде АҚШ, Бразилия, Австралия, Жапония және Германияда радиациялық сәулелену терапия саласында әлемдік көшбасшы болып табылады, онкологиялық ауруларды емдеу технологиялық шешімдерінің негізінде жүзеге асырылады.

"Астана Сервисез Менеджмент Групп/Astana Services Management Group" - Қазақстан Республикасы аумағындағы Varian Medical Systems компаниясының жергілікті серіктесі.