Қазақстанда жыл басынан бері ортопедиялық бейін бойынша жоғарғы технологиялық медқызмет шеңберінде 3200 –ден аса пациентке тегін операция жасалды

Қазақстанда жыл басынан бері ортопедиялық бейін бойынша жоғарғы технологиялық медқызмет шеңберінде 3200 –ден аса пациентке тегін операция жасалды

2018 жылы 11 айда жоғары технологиялы медициналық қызметтер шеңберінде ҚР ДСМ Травматология ғылыми-зерттеу институты мамандарымен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде 2 млрд 82 млн теңге сомасына 3252 операция жасалды.

Атап айтқанда, келесі жоғары технологиялы операциялар: навигациялық жүйені қолданумен омыртқа бағанасына – 99, вертебропластика – 113, торакопластика – 46, артроскопия – 1222, эндотүзетуді қолданумен спондилодез – 169, кейджерді қолданумен спондилодез – 125, тері аллотрансплантациясы - 6, ішкі бекітумен сүйек сынықтарының ашық репозициясы – 32, тізе буынын толық ауыстыру – 554, ұршықбуынын толық ауыстыру – 93, ұршықбуынын ревизиялық ауыстыру – 92, тізебуынын ревизиялық ауыстыру – 18,  иық буынын толық ауыстыру – 1.

ТМККК шеңберінде жоғары технологиялы медициналық қызметтер ҚР азаматтарына тегін жүргізіледі. Бір операцияның құны 166 мың теңгеден 1,7млн.теңгеге дейін соманы құрайды, олар мемлекет есебінен төленеді.

«Травматология және ортопедия» бейіні технологиялары бойынша ЖТМҚ саны 2012-2017жылдары 12023-тен 20168-ге дейін артты, соның  ішінде: тізе буынын эндопротездеу – 5,6 рет; ұршық буынын – 1,7 рет; артроскопиялық операциялар – 1,8 рет.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ДСМ Травматология ғылыми-зерттеу институты ғылыми-тәжірибелік және ұйымдастыру-әдістемелік орталық бола отырып өз саласында көшбасшылық орын алады  және ТОҒЗИ базасының өзінде ғана емес, сондай-ақ өңірлерге сапарларда оқыту мастер-кластарын өткізу жолымен кадрлық әлеуетті  дамытуды жүзеге асырып және практикалық медицинада инновациялық әдістерді енгізе отырып  ҚР ортопедиялық-травматологиялық қызметті дамытуға айтарлықтай үлес қосуда.