Қазақстанда соңғы 10 жылда тіберкулезден болатын өлім көрсеткіші 5,6 есеге, туберкулезбен сырқаттанушылық 2,4 есеге төмендеді

Қазақстанда соңғы 10 жылда тіберкулезден болатын өлім көрсеткіші 5,6 есеге, туберкулезбен сырқаттанушылық 2,4 есеге төмендеді

Бұл туралы бүгін VIII Азаматтық форум шеңберіндегі «Кедейлікті жою, гендерлік теңдік, салауатты өмірді қамтамасыз ету, білім» салалық сессиясында сөз сөйлеу кезінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып табылады. ҚР денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2017 жылы үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі құрылды, оның мақсаты аурулардың алдын алу және денсаулықты нығайту бойынша қолжетімді және тиімді механизмдер құру болып табылады.  

Алексей Цой мемлекеттік және үкіметтік емес сектордың ынтымақтастығында Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу: 2030 жылға АИТВ мен туберкулез індетін тоқтату, ана, бала өлімін төмендетуге қол жеткізу, инфекциялық аурулардан болатын мезгілсіз өлімнің үштен бірін профилактика және емдеу арқылы азайту, ЖКО нәтижесінде болатын өлім мен жарақат санын қысқарту маңызды болып табылады» деп атап өтті.

Сонымен қатар, АИТЖ/ЖИТС мәселелері бойынша жұмыс істейтін ҮЕҰ қолдауымен және белсенді позициясымен Министрлік ЮНЭЙДС әзірлеген, халықты АИТВ-ға тестілеуді кеңейтуге, тиімділігі жоғары антиретровирустық терапиямен қамтуды кеңейтуге және оның тиімділігін арттыруға бағытталған стратегияны іске асыруда. Осы стратегияны Қазақстанда іске асыру шеңберінде АИТВ-инфекциясына тестілеуге жалпыға бірдей қолжетімділік қамтамасыз етілген. Үкіметтік емес ұйымдар базасында экспресс-тестілеу енгізу басталды. Сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға тегін негізде антиретровирустық емдеу ұсынылады. 2018 жылдан бастап Қазақстан «Тестіден өт және емдел» қағидатын енгізуді бастады. АИТВ-инфекциясын емдеудің қазіргі заманғы әдістері және ДДҰ ұсынған препараттардың негізгі схемалары қолданылады. Антиретровирустық терапияның тиімділігін, зертханалық сүйемелденуін, резистенттігін бақылау үшін жаңа технологиялар енгізілуде» - деді вице-министр.

Сондай-ақ Алексей Цойдың айтуынша мемлекеттік құрылымдар мен ЖИТС-сервистік ұйымдарының бірлеске іс-әрекеті бізге БҰҰ «2030 жылға қарай ЖИТС эпидемиясын тоқтату жылдамдатылған қарқынмен» атты Саяси декларациясының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік ұйымдардың пациентке бағдарланған бірлескен жұмысы Қазақстанға АИТВ инфекциясы аз тараған елдер тобында (0,2) қалуға мүмкіндік береді. Қазақстандық ЖИТС-сервистік ҮЕҰ халықаралық жобаларды жүзеге асыруда, сондай-ақ Қазақстанның атынан АИТВ/ЖИТС мәселелері жөніндегі түрлі халықаралық форумдарға қатысуда. Бүгінгі таңда 46 ҮЕҰ ҚР ДСМ-нің АИТВ-инфекциясын диагностикалау, профилактикасы және емдеу мәселелері бойынша теңқұқықылы серіктесі болып табылады, осы серіктестікті одан әрі дамыту қажет».

Осымен қатар, еліміздегі туберкулез бойынша эпидемиялық жағдайды жақсарту үшін ҚР-да 2014-2020 жылдарға арналған туберкулезге қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар қабылданды және іске асырылуда. Барлық деңгейдегі саяси үстанымның және елімізде туберкулезді анықтаудың, диагностикалаудың, емдеудің әлемдік жаңа әдістемесін енгізу, халықаралық серіктестермен (ДДҰ, Жаһандық Қор, USAID,  Гарвард медицина мектебі, ХОУП, KNCV жобалары және басқалар) белсенді ынтымақтастықтың арқасында туберкулез бойынша барлық эпидемиологиялық көрсеткіштерді айтарлықтай төмендетуге қол жеткізілді. Туберкулезді интеграциялық бақылау стратегиясына сәйкес туберкулезге қарсы қызметтің басымдығы аурулар пофилактикасы, оны уақтылы анықтау және науқастарды амбулаториялық емдеу болып табылады. Халықтың әлеуметтік осал топтарын (ТЖАА, ИЕТ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, мигранттар) емдеу кезінде емдеуді үзудің алдын алу мақсатында ҮЕҰ мен әлеуметтік қызметтер белсенді тартылады: олар жұмысқа орналасуға, құжаттарды қалпына келтіруге жәрдемдеседі, психологиялық көмек көрсетеді. Азаматтық сектордың осы үдеріске тікелей қатысу фактісінің өзі көрсетілетін қызметтер сапасының жоспарын айтарлықтай көтеріп, оларға халықтың сенімін арттырады», - деп толықтырды ол.

Сонымен қатар, вице-министр ел халқы өлімнің құрылымында 67%-ы 5 негізгі созылмалы инфекциялық емес ауруға-қанайналым жүйесі, тыныс алу ағзаларының ауруларына, қатерлі ісіктерге, жарақаттар мен улануларға және халық өлімінің 66%-ын құрайтын ас қорыту ағзаларының ауруларына тиесілі екенін атап өтті. Сондықтан бүгінгі күні осы аурулардың профилактикасы  мәселесі бірінші кезекке шығады. Халықтың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында Министрлік 2018-2021 жылдарға арналған қоғамдық денсаулықты басқару жөніндегі шаралар жоспарын іске асыруда. Жоспар іс-шаралары нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге, сектораралық өзара іс-қимылды дамытуға, балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға, аурулардың профилактикасына, дұрыс тамақтану бойынша іс-шараларды күшейтуге, халықтың ақпараттану деңгейін арттыруға бағытталған. Ауруларды ерте анықтау үшін скринингтік бағдарлама іске асырылуда. Ағымдағы жылы скрининг бағдарламасы қайта қаралып, скринингке жататын жас топтары кеңейтілді және бірнеше есе ұлғайтылды.

Өз сөзін қорытындылай келе, Алексей Цой денсаулық адамның міндеті, негізгі және ажырамас құқық, ал мемлекет осы құқықты жүзеге асыру үшін қажетті стратегияларды әзірлеуге жауапты болып табылатынын атап өтті. Программа обеспечения общедоступности медицинского обслуживания не сможет достичь своих целей, если ей не будет сопутствовать реализация принципа солидарной ответственности граждан и государства за охрану здоровья. Медициналық қызмет көрсетудің жалпыға бірдей қолжетімділігін қамтамасыз ету бағдарламасы, егер оған азаматтар мен мемлекеттің денсаулық сақтау үшін ортақ жауапкершілігі қағидатын іске асыру сәйкес келмесе, өз мақсаттарына жете алмайды. Мемлекеттік сектордың, ҮЕҰ, бизнес-қауымдастықтың және халықтың күш-жігерін біріктіре отырып, біз еліміздің азаматтарының денсаулығы мен әл-ауқатына қатысты үздік нәтижелерге қол жеткізе аламыз».

Анықтама: соңғы 10 жылда туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 2,4 есеге (2008 жылы 125,5 – тен 2017 жылы 100 мың халыққа шаққанда 52,2-ге дейін), өлім-5,6 есеге (2008 жылы 16,9-дан 2017 жылы 3,0-ге дейін), балалардың сырқаттанушылығы 2 есеге (2008 жылы 26,0-ден 2017 жылы 13,3-ге дейін) төмендеді. Науқастардың белсенді контингенті 2008 жылғы 31779-дан 2017 жылы 16261-ге дейін 2 есеге төмендеді. 100 мың халыққа шаққанда 2030 жылға қарай ТБ-мен сырқаттанушылықтың күтілетін нәтижесі-45,0.

Артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы және қант диабеті 40-тан 70 жасқа дейінгі пациенттер өтеді;

2) жатыр мойны обырының скринингі - 30-70 жастағы әйелдер 4 жылда 1 рет;

3) сүт безі обырының скринингі - 40-тан 70 жасқа дейінгі әйелдер 2 жылда 1 рет кезеңділікпен.

9 айдың ішінде 2018 жылы тексеріп-қарауға жоспарланған 5 482 954 ересек адам (7 611 202) зерттеп-қаралды, бұл 72% құрайды.  Ересекхалықтың скрининг – тексерулерінен жеке тұлғалар 1 316 311 адамды құрады.

Ересек халықтың нысанылы топтарының 260 148 ауру жағдайы анықталды, бұл 4,7% құрады. Анықталған науқастардың ішінен диспансерлік есепке ҚР ересек халқының нысаналы топтарының 200 576 адамы алынды – 77,1%.

ҚР бала саны 3 998 813 (78,2%) тексеріліп- қаралды (жоспар бойынша 2018ж. - 5 111 052 бала). ҚР балалар арасында (0-17 жас) 454 797 науқас анықталды, бұл 11,4% құрады.  Анықталған науқастардың ішінен диспансерлік есепке 140 927 бала алынды-32,4%.