АИТВ-инфекциясы жағдайларын электрондық бақылау жүйесіне мүліктік құқықтарды беру туралы Меморандумға қол қойылды

АИТВ-инфекциясы жағдайларын электрондық бақылау жүйесіне мүліктік құқықтарды беру туралы Меморандумға қол қойылды

2018 жылғы 16 қарашада ақпараттық жүйелерді біріктіру, денсаулықтың электрондық төлқұжатын енгізу және «қағазсыз» денсаулық сақтауға көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттырудың қажеттілігі туралы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шеңдерінде Колумбия университеті Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің жанындағы ICAP орталығынан (ICAP) Қазақ дерматологиия және инфекциялық аурулар ғылыми орталығына (ҚДИАҒО) АИТВ-инфекциясы жағдайларын электрондық бақылау жүйесіне (ЭБ жүйесі) мүліктік құқықтарды беру туралы Меморандумға қол қою салтанатты рәсімі болып өтті.

Бұл оқиға ICAP пен ҚДИАҒО арасындағы «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған көпжылдық жемісті серіктестіктің маңызды нәтижесі болды.

ICAP денсаулық сақтау жүйесінің әлеуетін нығайтуда әлем бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады және әлемнің 25-тен астам еліндегі мемлекеттік және үкіметтік емес түрлі ұйымдарға консультативтік-әдістемелік және техникалық көмек көрсетеді. 2010 жылдан бастап АҚШ-тың ауруларды қадағалау және алдын алу жөніндегі орталығының қаржылық қолдауымен (CDC) ICAP қызметкерлері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ЖИТС қызметінің мекемелерімен заманауи, сенімді және толық функционалды ақпараттық жүйені әзірлеу, енгізу және дамыту жөнінде бірлесе жұмыс істеді, ол АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға (АӨА) көрсетілетін көмектің сапасын арттыру, сондай-ақ, ЖИТС қызметі жұмыстарының көрсеткіштерін тиімді бағалау мақсатында медицина жұмыскерлеріне медициналық мәліметтерді жинауды, мониторингтеуді және талдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша ЭБ жүйесі енгізілді және барлық қалалық және облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтарда сәтті түрде қолданылуда. Жүйе үш негізгі бөлімнен тұрады: 1) пациенттің электрондық картасы; 2) есептер мен статистикалық нысандарды қалыптастыру модулі; 3) АРВ препараттарды тіркеу модулі. Жүйені енгізу үшін ICAP үйретудің түрлі әдістері мен компьютерлік сауаттылықты қоса алғанда қолданушылардың дағдыларын жақсарту бойынша тәсілдерді пайдаланды. Сонымен қатар, ICAP қызметкерлері жүйемен жұмыс істейтін мамандарға консультация және пайда болған техникалық проблемаларды қашықтан жөндеу бойынша консультация беруді үнемі жүргізіп отырды. ЭБ жүйесімен жұмыс істеу бойынша мамандарды үздіксіз оқытуды қамтамасыз ету үшін ICAP эпидемиологтар мен клиницистер үшін талдау жасауға арналған мәліметтерді алу мен сапаны қадағалау жөніндегі толық нұсқаулықты әзірледі. Сондай-ақ, мәліметтер сапасын бағалау үшін және олардың қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз ету үшін стандартты операциялық процедураларды әзірледі және жүйедегі мәліметтердің толықтығы мен нақтылығын тексеру және жақсарту үшін ҚДИАҒО-мен бірге тұрақты ортақ сапарлар жүргізілді.

 

ҚДИАҒО-ға ЭБ жүйесін беру денсаулық сақтаудың басқа да ақпараттық жүйелерімен жүйені толығымен біріктіруге мүмкіндік беретін көпжылдық халықаралық серіктестіктің табысты институцияландыруы нәтижелерінің айғағы болады. ICAP қажетілігіне қарай ҚДИАҒО-ға АИТВ індетіне қарсы күресу жөніндегі ұлттық жауаптарды мониторингтеу жүйесін әрі қарай дамыту мен жетілдіруде қолдауды көрсетуді жалғастырмақ.

ҚР ДСМ Баспасөз қызметі, 74-31-37, 74-32-41, press_mz@mail.ru