
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 752 қаулысымен бекітілген Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша 2014 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 7-тармағына сәйкес «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті», «Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамдарына зерттеу университеттері мәртебесін беру және олардың Даму бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.
Жобаны қабылдаудың мақсаты университеттердің білім беру және ғылыми-зерттеу әлеуетін әрі қарай жетілдіру үшін «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті», «Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамдарына зерттеу университеттері мәртебесін беру болып табылады, ол олардың жағдайын отандық және әлемдік зерттеу қауымдастығында нығайтады, бүкіл әлем бойынша ғылыми-зерттеу ұйымдарымен қаржыландыруға және ынтымақтастыққа жаңа мүмкіндіктер береді.