Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті «Көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы бойынша қолданыстағы реттегіш құралдарды қайта қараудың реттеушілік әсерін талдау» мәселесі бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 290 бұйрығымен бекітілген 2018 жылға арналған реттегіш құралдарды қайта қарау жоспарына сәйкес көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы бойынша қолданыстағы реттегіш құралдарды қайта қараудың реттеушілік әсерін талдау жобасы бойынша қоғамдық талқылау жүргізеді.

Қоғамдық талқылау 2018 жылғы 20 қарашада сағат 11:00-де Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 «Министрліктер үйі», 10-кіреберіс,  425 кабинетте өтеді.

Соған байланысты, қатысушылардың кандидатураларын b.sarymsakov@mz.gov.kz электрондық мекенжайға жіберуді сұраймыз, анықтама 8 (7172) 74-26-48.