
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізілімінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 548 қаулысымен өзгерістер енгізген болатын.
Қазіргі уақытта Заңның 13-бабының талаптарын ескере отырып, Министрлік мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына тиісті өзгерістер енгізу бойынша жұмысты жүргізуде.
«Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілген немесе оған толықтырулар енгізілген күннен бастап үш айдың ішінде әзірленеді және бекітіледі.
Сонымен қатар, Заңмен мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілген немесе оған тікелей көзделген толықтырулар енгізілген күннен бастап үш айдың ішінде әзірленеді және бекітілетіні.
Бұл ретте, Заңның 1-бабының 7) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 23) тармақшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының сипаттамаларын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын нормативтік құқықтық акт.
Сонымен бірге, Заңның 4-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес (Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары) қызмет алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға құқылы.
Өз кезегінде, Заңның 5-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес (Көрсетілетін қызметті берушілердің құқықтары мен міндеттері) көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге.
Бұдан басқа, Заңның 1-бабының 8) тармақшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі.
«Құқықтық актілері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағының 10-бабына, сондай-ақ 12-бабының 1-тармағына сәйкес Заң нормаларының талаптары күшіне енеді және тиісті өзгертулер енгізілгенге дейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарының әрекет ету негізінде тегін мемлекеттік қызмет стандарттары көрсетіледі.
Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша Жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарының 22-тармағын іске асыру шеңберінде «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін барынша оңтайландыру, оның ішінде мерзіміндер және құжаттар тізбесін қысқарту, қосарланға рəсімдерді алып тастау жəне оларды толығымен электрондық форматқа ауыстыру бөлігінде, Министрлік жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бизнес-процесті оңтайландыру бойынша Жол картасын әзірледі, мұнда мемлекеттік көрсетілетін қызмет, «электрондық Үкімет» порталы арқылы автоматтандыратын болады, психоневрологиялық, наркологиялық және туберкулезге қарсы ұйымдарда есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру тегін негізде жүзеге асырылатын болады.