ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық авиация қызметі жыл басынан бері 2000 мыңнан аса пациентті тасымалдады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық авиация қызметі жыл басынан бері 2000 мыңнан аса пациентті тасымалдады

2018 жылдың басынан бастап санитариялық авиация қызметі 2046 ұшуларды жүзеге асырды. Атап айтқанда, жылдың басынан бастап ағымдағы жылғы 29 қазанға дейін санитариялық авиация мамандары 2240 пациентке медициналық көмек көрсетті, 2385 медициналық қызмет орындалды, оның ішінде: 1827 пациенттерді тасымалдау (76,6%), 387 консультациялар (16,2%) және 1714 операция (7,2%).

Санитариялық авиация нысанында шұғыл медициналық көмек көрсетудің негізгі себептері: қанайналым жүйесінің аурулары (22,9%), жарақаттар, жазатайым оқиғалар және уланулар (22,5%), балалар жасының патологиясы (19,5%), жаңа туған нәрестелер патологиясы (15,3%), акушерлік-гинекологиялық патологиялар (10,4%) және басқа да аурулар (9,4%).

Санитариялық авиация күшін тарту тек республика шегінде ғана жүзеге асырылмайды, сондай-ақ шетелдерде шұғыл халде жатқан ҚР азаматтары мен оралмандарды тасымалдауға халықаралық тасымалдауларды ұйымдастыруға қажеттілік бар. 2018 жылдың басынан бастап ҚР санитариялық авиация қызметі ем алуды отандық медициналық ұйымдарды жалғастыру үшін шетел клиникаларынан ҚР 12 азаматы тасымалданды. 2011 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР санитариялық авиация қызметі Алыс және Жақын шетелдерден (Тайланд, Түркия, Швейцария, АҚШ, Оңтүстік Корея, Египет, Қырғызстан, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы және т.б.) ҚР 52 азаматын тасымалдады.

Шетелдік медициналық ұйымдардан отанына тасымалдау ауыр халдегі және медициналық алып жүруді қажет ететін, жер үсті көлігінде немесе азаматтық авиацияның рейстік әуе кемелерімен тасымалдауға келмейтін Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандары үшін жүзеге асырылады. Медициналық репатриация ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмекті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 933 бұйрығымен реттелген.

Естеріңізге сала кетейік, біздің республикамыздың шалғай өңірлерінде орналасқан жерлердің тұрғындарына уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында, орналасқан орны бойынша медициналық ұйымда медициналық жабдықтардың немесе тиісті біліктіліктегі медицина мамандарының болмауына байланысты көмек көрсету мүмкін болмаған кезде санитариялық авиация қызметінің күші тартылады. Шұғыл медициналық көмек көрсетуге қажеттілік туындаған жағдайда санитариялық авиация орналасқан орнына және бағытының ауырлығына қарамастан медициналық көмекті қажет ететін әрбір адамға әуе көлігін пайдалана отырып, барынша жылдам және сапалы медициналық көмек көрсетеді.

Санитарлық авиацияның қызмет етіуінің (2011 жылдан бері) барлық кезеңінде  13 мың 155 ұшуды орындады, 18 082 пациентке медициналық көмек көрсетілді, донор ағзаларын тасымалдау үшін 70 ұшуды жүзеге асырды.