МСАК табысы – бұл бүкіл әлемдегі жаппай денсаулықпен қамтуға қол жеткізудегі ең тиімді стратегия ретінде денсаулық сақтаудың бастапқы буынын қолдау қозғалысы

МСАК табысы – бұл бүкіл әлемдегі жаппай денсаулықпен қамтуға қол жеткізудегі ең тиімді стратегия ретінде денсаулық сақтаудың бастапқы буынын қолдау қозғалысы

Астанада Қазақстанның тарихында елдердің саны және келген шетелдік азаматтардың саны бойынша ірі іс-шара – Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі Жаһандық конференция өтті.

Медицинаның боашағын анықтауға 2100 қатысушы, оның ішінде 146 елден шамамен 1200 шетелдік делегация жиналды. 85 мемлекет басшысының, оның ішінде Вице-Премьер-министрлер мен министрлердің, сондай-ақ ҚР Үкіметі 10 мүшесінің қатысуы конференцияның деңгейін кәсіби медициналықтан жоғары саяси мәртебеге дейін көтерді.

Екі күн ішінде конференция алаңында негізгі сессияның 190 аса спикері, ілеспе іс-шараларда 150 аса спикер сөз сөйледі.

Екі күндік Digital Health Astana көрмесінде медицинаның үздік технологиялық әзірлемелері жиналды.

Мынадай елдердің денсаулық сақтау министрлері деңгейінде екіжақты кездесулер өткізілді: Ресей Федерациясы, АҚШ, Өзбекстан, Иран, Армения, Словения, Гана және басқалар, олардың шеңберінде медициналық қызметтердің сапасын жақсарту, МСАК, медициналық білім беруді, фармацияны, денсаулық сақтауды цифрландыруды, медициналық туризмді  дамыту, МСАК секторына инвестицияларды көбейту және басқалар үшін денсаулық сақтау саласында меморандумдарға, келісімдерге, жол капрталарына және басқа да стратегиялық құжаттарға қол қойылды.

Жабылу салтанатында ҚР Денсаулық сақтау министрі әрбір жеке қатысқан және онлайын трансляциясы арқылы алыстан қатысқан адамдарға конференцияның табысты аяқталуымен құттықтап, ризашылығын білдірді және Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы – бұл осыдан 20 жыл бұрын елорданы Алматыдан Астанаға көшіру туралы шешім қабылдап, оны еліміздің жүрегі Астана қаласына көшіру арқылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен іске асырылып жатқан табыс тарихы, экономикалық әлеуметтік өсу тарихы болғанын, сол кезде өздерінің рухын, өздерінің сезімін, тәуелсіздік рухын, бостандық рухын Астанаға өздерімен ала келгенін атап өтті. Бұл оңайлықпен келген іс емес – біз номадтар, көшпенділер, ұлы істі бастар алдында алғашқы қадам жасаудың қиын екенін білеміз. Біз осы Алматыдан Астанаға жасалған қадамның табысқа деген қозғалтушы күш екенін түсіндік, қазірде МСАК табысы – бұл барша үшін денсаулыққа және баршаны медициналық-санитариялық қызметтермен жаппай қамтуға жасалған қозғалыс екеніне сенімдіміз.

Өз кезегінде ДДҰ Бас директор Тедрос Гебрейесус, егер кімде кім менен Сіз Эфиопияның Денсаулық сақтау министрі болған кезде қандай жақсылық жасадыңыз деп сұраса, мен МСАК-ты нығайттым деп мақтана алар едім деп атап өтті. Қабылданған Декларация – барлығымызға қажет. Алайда Декларация мәтін болып қалмауы тиіс. Оны іске асыру қажет. Біз теңдесіз саяси бейілділік кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Осы жолы – біз Декларацияны орындамуға құқығымыз жоқ. Біз оны іске асыруға міндеттіміз!».

Сондай-ақ, ДДҰ Еуропалық өңірінің директоры Жужжана Якаб Еуропаның атынан Қазақстанға Жаһандық конференцияны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдірді және ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа әлемнің медициналық қауымдастығы үшін осыдан 40 жыл бұрын Алматыда құрылған өзара іс-қимыл платформасын құрғаны және оның көрегендігі мен даналығы үшін жоғары баға берді».  

«Мен өткен конференцияның әлемдік денсаулық сақтаудағы түбегейлі сәт қана емес, сонымен қатар «Астананың әлемдегі жаңа сәулесін жағатынына» сенемін» деп тілегін білдірді жабылу салтанатында ДДҰ Пан-Америкалық Өңірінің Өңірлік директоры  Карисса Этиен.

«Алматыдан басталған денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуға және тұрақты даму мақсаттарына» медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) жөніндегі Жаһандық конференцияның жабылу салтанаты мерекелік концертке ұласты.

Естеріңізге саламыз, ағымдағы жылғы 25-26 қазан күндері әлемнің барлық елдері «Алматыдан басталған денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуға және тұрақты даму мақсаттарына» МСАК жөніндегі Астана декларациясына қол қойды. Жаңа Астана Декларациясы одан әрі жұмыс істеудің төрт негізгі бағытын анықтады. Бұл адамдардың денсаулығын барлық салада жақсарту үшін пәрменді саяси шешімдерді қабылдау; тұрақты медициналық-санитариялық алғашқы көмекті құру; жекелеген адамдар мен қауымдастықтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту; және ұлттық саясатпен, стратегиялармен және жоспарлармен бірлесіп мүдделі тараптарға қолдау көрсету.