
2018 жылғы 25-26 қазанда – БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қоры ҚО Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп медициналық-санитариялық алғашқы көмек саласында пациенттердің барлық санаттары үшін тең мүмкіндікті қамтамасыз ету мақсатында денсаулық сақтау саласындағы шешімдерді іздеу бойынша «Youth4health» халықаралық хакатон ұйымдастырды.
Хакатонға Қазақстаннан, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан, Ресейден, Үндістаннан, Украинадан 240 қатысушы қатысты. Қазақстаннан қатысушылар 6 облыстан және 2 республикалық маңызы бар қаладан келді. Қатысушылар 48 сағат бойы әртүрлі елден: АҚШ, Беларусь, Украина, Қазақстан мен Италиядан келген 16 үздік ментордың басшылығымен инновациялық шешімдердің тұжырымдамаларын әзірлеумен айналысты.
Хакатонның ресми ашылуы БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының атқарушы директоры Генриетта Фордың, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың және шахмат бойынша бірнеше мәрте әлем чемпионы, ЮНИСЕФ Ізгі ниет елшісі Динара Сәдуақасованың қатысуымен өтті.
«Қазақстан халқының шамамен төрттен бір бөлігі – жастар болып табылады. Бұл еліміздің артықшылығы болып табылады, себебі еліміздің экономикалық өсуін бірнеше жыл бұрын қамтамасыз етуге ұмтылады. Қазақстан жасанды интелкттен ауқымды деректерге, блокчейн технологияларына, машиналық оқытуға және цифрлық денсаулыққа дейін цифрлық революцияның шексіз мүмкіндіктерін меңгеруде және оны инвестициялауда, Қазақстан адамдардың өмірін өзгертудің көптеген тәсілдерін зерттеуде» - деп атап өтті БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының атқарушы директоры Генриетта Фор өзінің сөйлеген сөзінде.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Кейде жас мамандардың идеялары қарапайым да теңдесіз болады, олардың идеялары ірі офистер іске асырып жатқан ресми ауқымды бағдарламаларға қарағанда айтарлықтай пайда әкелуі мүмкін. Біз дарынды стартаперлерге қолдау көрсетеміз және бүгінгі хакатон соңың куәгері болмақ. Хакатонға қатысушыларға табыс тілеймін және олардан денсаулық сақтау саласын жақсартуға арналған жаңа идеялар күтеміз»,- деп түйіндеді өз сөзінде.
Хакатон шеңберінде Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ) мен Назарбаев Университетінің студенттері кез келген фитнес-браслеттің деректерін және сезімтал дәрілік заттарды тасымалдау кезінде температурасын өлшеу және беру бойынша құрылғыларды пайдалана отырып, созылмалы ауруларға мониторинг жүргізу сияқты шешімдерді әзірледі.
Іс-шараның қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, марапатталды, атап айтқанда 1 орынды «Созылмалы аурулары бар пациенттердің мониторингі» жобасымен «Горчица» командасы иеленді, Дана Ерланова, Дильназ Камалова, 2 орынға «Shiba» командасы «Диабет профилактикасы бойынша ақылды стелька» жобасымын, Алибек Мереке, Сергей Ли, Мухтар Кулимбет, Ильдар Фахрадиев иеленсе, 3 орынды «Team 42» командасы «Дәрілерді жеткізу бойынша мониторинг жүйесі» жобасымен Аян Гинет, Қуаныш Сейлханов, Ерлан Аманжолов, Муса Акежан, Бибисара Тақтарбекова жеңіп алды.