
Астанада әлемдік денсаулық сақтау саласының көшбасшылары халық денсаулығын жақсартудағы медициналық – санитариялық алғашқы көмектің басым бағыттарын осымен 2-ші күн талқылап жатыр.
Атап айтқанда, 3-4 пленарлық сессияларда медициналық-санитариялық алғашқы көмекке (бұдан әрі - МСАК) экономикалық негіздерін құру және МСАК арқылы әділеттілікті ары қарай жылжыту мәселелері талқыланды. Бұдан басқа, министрліктердің паралельді сессияларында: МСАК арқылы төтенше жағдайларға ден қоюда денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын нығайту, МСАК -ға сектораралық тәсіл және халықтың денсаулығын басқару, қауымдастық деңгейінде МСАК -ны енгізу, МСАК-гі вакциналарға, дәрілік заттарға, медициналық бұйымдарға қолжетімділік мәселелері қаралды.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) бойынша Жаһандық конференция шеңберінде Қазақстан және Ресей Денсаулық министрліктері арасында телемедициналық технологияларды қолдана отырып медициналық көмек көрсетудің бірлескен жүйелерін құру және дамыту бойынша Меморандумға қол қойды.
ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуы бойынша бұл құжатқа қол қою қазақстандықтардың өмір сүру сапасы деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.
«Біз телемедицина саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Бұл біздің министрлік үшін басты бағыттардың бірі болып табылады. Жақында, Елбасы Жолдауымен сөз сөйледі. Ол әлеуметтік бағытта болды, халықтың табыстарына, әлеуметтік мәртебесіне, қолжетімді сапалы білім беру мен денсаулық сақтауға баса назар аударылған әлеуметтік-бағытта болатын. Елюбасы МСАК-ті датытудың қажеттілігін ерекше атап көрсеткен, шығындарды арттыру бойынша тапсырма берді, атап айтқанда, медициналық қызметкерлердің еңбекақысын көтеру. Цифрландыру және қағазсыз медицинаға көшу жөнінде тапсырма берілген Біз бұл бағытта қарқынды жұмыс жасаудамыз», - атап өтті Елжан Біртанов.
Сонымен бірге, медициналық қызмет көрсетудің отандық нарығында ресейлік компаниялар да бар», - деді ол.
«ҚР нарығында бізді ақпараттық жүйелермен қамтамасыз ететін ресейлік компаниялар бар. Біз қазір дәстүрлі телемедицинаны емханалар мен ауруханалар тыс жерлерде халықты белсенді оқытумен, онда медициналық қызметкерлер мен пациенттердің технологияларын пайдалану арқылы кеңейтуді көздеп отырмыз. Меморандумға қол қою оң серпін беретініне сенімдімін.
Сондай-ақ, біз оқыту және тәжірибе алмасуда ынтымақтасуға ниеттіміз. Тағы да ынтымақтасуға қызықты бір тақырып ұсынамыз - бұл дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Бұл бағытты да дамытқымыз келеді. Дистрибьюторлар желісін арттыру. Мұнда ортақ ойластыруға болатын еді», - деп түсіндірді министр.
Ресейлік тараптан кездесуде Ресей Федерациясының денсаулық сақтау министрі Вероника Скворцова болды. Ол ынтымақтастық бағыттары бойынша қазақстандық әріптестердің ұсыныстарын қолдады.
«Біз Сіз айтқан бағыттардың барлығын қолдаймыз. Цифровизацияға қатысты менің терең сенімім - бұл база біздің одан әрі қатынасымызды дамытуға ықпал етеді. Сондай-ақ , кадрлар, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.
Жалпы, екі жақтар денсаулық сақтау мен телемедицинаны цифрландыру бойынша тәжірибе алмасу, телемедициналық технологияларды қолдана отырып, медициналық көмек көрсету үшін жүйелердің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында мәліметтер алмасудың бірыңғай стандарттарын әзірлеу бойынша ынтымақтасуға ниеттері бар. Меморандумды орындау үшін Қазақстан және Ресей Денсаулық сақтау министрліктері арасындағы денсаулық сақтау саласындағы Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын дамыту бойынша жол картасы әзірленді.
Бұған қоса Жаһандық конферения шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Иран елінің денсаулық сақтау министрі Сейд Хассан Хашимимен кездесу өткізді, сондай-ақ, екіжақтық UNAIDS (АИТВ/ЖИТС бойынша ООН бірлескен бағдарламасы) мәселелері бойынша екіжақтық кездесулер өтті.
Естеріңізге сала кетейік, кеше ағымдағы жылғы 25 қазанда Астанада бүкіл әлем елдері медициналық-санитариялық алғашқы көмек жүйесін денсаулық сақтау қызметтерімен жан-жақты қамтуға қол жеткізу жолындағы маңызды қадам ретінде нығайтуға уәде бере отырып, Астана Декларациясына қол қойды. Бүкіл ғалам үшін 2018 жылғы 25 қазан маңызды тарихи күн болды, яғни бүкіл әлем елдерінде денсаулық сақтауда жаңа мақсаттары пайда болды – бұл МСАК бойынша жаңа Декларацияға енгізілген сол бағыттар болып табылады.