Астанада «Алматыдан басталған денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуға және тұрақты даму мақсаттарына» медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі Жаһандық конференция аясында Жастар конференциясы өтуде

Астанада «Алматыдан басталған денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуға және тұрақты даму мақсаттарына» медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі Жаһандық конференция аясында Жастар конференциясы өтуде

Бүгін Астанада «Алматыдан басталған денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуға және тұрақты даму мақсаттарына» атты медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі Жаһандық конференция  аясында Жастар конференциясы өтіп жатыр. 

Жастардың медициналық  қызметтерге қажеттілігін және АМСК дамуындағы рөлін талқылау үшін Конференцияға 120 жастар делегаттары бір күн бұрын жиналды. Назарбаев медицина мектебінде өтіп жатқан бұл Жастар форумы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың бастамасымен ЮНИСЕФ, ДДҰ, ЮНФПА  қолдауымен ұйымдастырылған. Ұлттық медицина университеті Қазақстанның атынанан Жастар форумының ұйымдастырушысы болып табылады.

Жастар форумының қатысушыларын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ДДҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус, ЮНИСЕФ бағдарламалық бөлімінің директоры Тед Чайбан, Қазақстан, Қырғызстан және Түрікменстан елдерінің өкілі ЮНФПА директор Джулия Валезе, Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу, кішігірім кіріспе сөздерден кейін өзерінің тәжірибиелерімен бөлісіп, жас делегаттардың сұрақтарына жауап берді.

ҚР Денсаулық сақтау министрі  Елжан Біртанов өз кезегінде «Қазақстан үшін жастардың қатысуы денсаулық сақтау саласында, әсіресе өз денсаулығы туралы әр бала және ересек адам үшін ақпарат мүмкіндігімен қамтамасыз етудегі цифрлық технологиялардың дамуы маңызды».   

Жас делегаттар кең ауқымды мәселелерді талқылауды жоспарлап отыр, денсаулық сақтау қызметтерінің пайдаланушылары ретінде жастар тәжирибиесін қосу, жастардың лидерлік және кәсіпқой ретінде АМСК дамуындағы рөлі. ДДҰ директоры доктор Тедрос Адханом Гебрейесус өз кезегінде Жаһандық конференцияда талқылаудың қысқаша нәтижесін береді.