
2018 жылдың басынан бастап менингококк инфекциясының 85 жағдайы тіркелді, оның ішінде 69 адам ауруханадан шығарылған, 15 жағдай өліммен аяқталған, 1 науқас ем алып жатыр. Қазіргі уақытта республикада менингококк инфекцияның спорадиялық жағдайлар тіркелуде.
2018 жылғы 16 қазанда Астана қаласында менингококк инфекцияның 1 жағдайы тіркелді. Науқас инфекциялық стационарда ем алып жатыр, жағдайы тұрақты. Қатынаста болғандарға зертханалық тексеріс және медициналық бақылау жүргізіліп жатыр.
Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
Профилактика
Катаралдық белгілері (тамақ қызару, дене қызуының көтерілуі, бастың ауыруы, әлсіздік) бар аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дәрігерге жүгіну және оның барлық ұсынымдарын орындау қажет.
Әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуды, жүзу бассейндеріне, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы ойын алаңдарына баруды шектеу, жеке гигиенаны сақтау қажет.
Ұйымдастырылған ұжымдарда үй-жайды жиі желдету, күн сайын ылғалды тазалау жүргізу керек.
Созылмалы инфекциясы бар ошақтарда, балаларда көбіне ЛОР-ағзаларына қатысты денсаулықты күшейту маңызды, сондықтан балалар оториноларингологына тұрақты түрде бару және мүмкіндігінше профилактика ретінде бару керек.
Тек қайнаған немесе бөтелкедегі суды қолдану қажет.
Салқын тиюді, ашығуды, ұйқының қанбауын, күзелісті және т.б. болдырмау керек.
Ауруды емдегенге қарағанда оның алдын алған әлдеқайда жеңіл екендігін әрқашан есте сақтау қажет!