2018 жылғы 16 қазандағы менингококк инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы

2018 жылғы 16 қазандағы менингококк инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы

Қазақстан Республикасында менингококк инфекциясының жаңа жағдайлары тіркелген жоқ.

Анықтама ретінде. 2018 жылдың басынан бастап менингококк инфекциясының 84 жағдайы тіркелді, оның ішінде 69 адам ауруханадан шығарылған және 15 жағдай өліммен аяқталған. Бүгінгі күні менингококк инфекцияға күмәнді стационарда 1 науқас жатыр (Павлодар облысы).

Қазіргі уақытта республикада менингококк инфекцияның спорадиялық жағдайлар тіркелуде.

Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.

Менингит - ми және жұлын қабықшасының қабынуы. Менингит пайда болу себебі бойынша үш негізгі топқа бөлінеді. Бұл -  менингококкты, іріңді және серозды менингиттер.

Менингококкты менингитпен ауыратын науқастар айналасындағы үшін инфекциялық қауіп төндіреді. Себебі бұл ауру ауыр түрде өтеді, сондай-ақ  науқас жөтелгенде, түшкіргенде сыртқы ортаға қоздырғышты белсенді түрде бөледі.

Іріңді менингитпен ауыратын науқастар айналасындағылар үшін қауіп төндірмейді. Себебі науқас аурудың осы сатысында сыртқы ортаға қоздырғышты бөлмейді.

Іріңді менингит - ми қабықшасының іріңді қабынуы. Сырқаттану организмде бар ми қабықшасына өтетін инфекция фонында дамиды. Әдетте ауру ұзыққа созылатын лор-ағзалардың инфекциясынан (жедел және созылмалы іріңді отит, синусит - гайморит, фронтит) пайда болады.

Іріңді менингит қоздырғышының организмге енуіне жиі ЖРВИ-мен ауруы, гиповитаминоз, стресс, физикалық жүктеме, климаттың өзгеруінен пайда болатын иммундық жүйенің әлсіреуі әсер етеді.

Іріңді менингитпен ауыратын науқастар айналасындағылар үшін қауіп төндірмейді.

Менингококкты инфекция - менингококк туғызатын жіті инфекциялық ауру және бактериалды менингитке жатады. Ауру ауа-тамшы жолымен (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде) тарайды.

Инфекция көзі тек науқас адам немесе инфекция таратушы адам болып табылады, инфекция көзі ретінде менингококк назофарингитпен ауыратын науқастар аса қауіпті, себебі олар жөтелгенде, түшкіргенде сыртқы ортаға қозыдырғышты белсенді бөледі.

Вирус тудыратын серозды менингиттер энтеровирустардан, эпидемиялық паротиттен, сондай-ақ вирустардың басқа да түрлерінен пайда болады. Вирусты серозды менингиттер менингококкты және іріңді менингитке қарағанда қолайлы ағыммен ерекшеленеді. Олардың асқыну және өлім жағдайлары сирек кездеседі.

Инфекция көзі науқас адам және «сау» вирус таратушы болып таблады. Вирус су, көкөніс, жемістер, тамақ өнімдері, лас қол арқылы беріледі. Адамдар көп жиналған кезде ауа-тамшы жолымен берілуі мүмкін. Жұқтыру су қоймаларында және жүзу бассейндерінде шомылу кезінде жиі кездеседі.

Профилактика

Катаралдық белгілері (тамақ қызару, дене қызуының көтерілуі, бастың ауыруы, әлсіздік) бар аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дәрігерге жүгіну және оның барлық ұсынымдарын орындау қажет.

Әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуды, жүзу бассейндеріне, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы ойын алаңдарына баруды шектеу, жеке гигиенаны сақтау қажет.

Ұйымдастырылған ұжымдарда  үй-жайды жиі желдету, күн сайын ылғалды тазалау жүргізу керек.

Созылмалы инфекциясы бар ошақтарда, балаларда көбіне ЛОР-ағзаларына қатысты денсаулықты күшейту маңызды, сондықтан балалар оториноларингологына тұрақты түрде бару және мүмкіндігінше профилактика ретінде бару керек.

Тек қайнаған немесе бөтелкедегі суды қолдану қажет.

Салқын тиюді, ашығуды, ұйқының қанбауын, күзелісті және т.б. болдырмау керек.

Ауруды емдегенге қарағанда оның алдын алған әлдеқайда жеңіл екендігін әрқашан есте сақтау қажет!