
2018 жылғы 12 қазанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е.А.Біртанов, ҚР ДСМ Стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры А.С.Есмағамбетова, А.С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Т.С.Нұрғожин, Бауыр ауруларын зерттеу бойынша қазақ қауымдастығының президенті А.В.Нерсесовтың қатысуымен «Almaty Hepatology - 2018: Бауыр циррозы» халықаралық конгресі өтті.
Almaty Hepatology – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі және жетекші халықаралық қоғамдастықтардың (Бауырды зертеу жөніндегі Еуропалық қауымдастық, Жапон гепатологтарының қоғамы, Бауырды зерттеу жөніндегі Ресей қоғамы) қолдауымен Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының Бауыр ауруларын зерттеу бойынша қазақ қауымдастығымен бірлесіп өткізетін халықаралық деңгейдегі іс-шара болып табылады.
Конгресс жұмысына Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінен 300-ден астам делегат, сондай-ақ отандық және он елден келген шетелдік сарапшылар қатысты.
Almaty Hepatology - 2018: Бауыр циррозы» халықаралық конгресінің басты мақсаты: