Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде 2018 жылғы 10 қазанда қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға және темекі шегуге тыйым салу бойынша реттеуші әсерді талдау жобаларын қоғамдық талқылау жүргізілді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде сауда объектілеріндегі сату кассаларының жанында темекі өнімдерін ашық орналастыруға және қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға және темекі шегуге тыйым салу бойынша реттеуші әсерді талдау жобаларын қоғамдық талқылау «Атаменкен» ҰКП, «Темекісіз» ҚҚ, темекі өнімін өндірушілер, салалық қауымдастықтар, «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» өкілдерінің қатысуымен реттеуші талдау жобаларының қоғамдық талқылауы өтті. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы шеңберінде жаңа реттеуші аспаптардың енгізілуіне байланысты реттеуші әсерді талдау жобалары әзірленді. Реттеуші әсерді талдау жобаларын талқылау барысында Тараптар темекіге қарсы шараларды қолдану бөлігінде пікір алмасты  және халықаралық тәжирбиені талқылады.

Қоғамдық талқылаудың жүргізілгені туралы есеп уәкілетті органға жіберілетін болады