СҚО-да ана мен бала өлім-жітімін азайту жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті

СҚО-да ана мен бала өлім-жітімін азайту жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті
Петропавл қаласында ҚР Денсаулық сақтау Вице-министрі Лязат Ақтаеваның төрағалық етуімен ана өлім-жітімі жөніндегі республикалық штаб пен медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың біріктірілген үлгісін енгізу жөніндегі Үйлестіру кеңесінің көшпелі отырыстары өтіп жатыр. Кеңес жұмысына Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет, облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Сұлтанғазиев, Министрлік пен республикалық орталықтардың өкілдері, облыстың денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары қатысуда. Көшпелі отырысқа дайындалу аясында республикалық орталықтардың жетекші мамандары денсаулық сақтау ұйымдарын аралады, өңірде көрсетілетін медициналық көмекке талдау жасады.
Талдау қорытындысы бойынша республикалық орталықтардың басшылары Солтүстік Қазақстан облысында медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жақсарту бойынша ұсыныстар беріп, егжей-тегжейлі есептер берді.
ҚР Денсаулық сақтау Вице-министрі Лязат Ақтаева өз сөзінде медицина ұйымдарының басшылары медициналық көмектің қолжетімді және сапалы көрсетілуі үшін кешенді шаралар қабылдау қажет екенін атап өтті. Сапалы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың да қолдауы қажет, оның ішінде кадрлармен толықтыру, басым компетенцияларға оқыту және медициналық жабдықтармен жарақтандыру бойынша.
Облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет өз кезегіне Республикалық штаб пен Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне көрсетілген әдістемелік көмек үшін алғысын білдірді.  Облыс әкімдігі өңірде көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдайтын болады.
Солтүстік Қазақстан облысында жалпы қайтыс болу көрсеткіші 1 000 адамға шаққанда 12,29 құрайтынын атап өту қажет.
Облыс халқының қайтыс болу құрылымындағы негізгі себептер қан айналу жүйесінің ауруларынан қайтыс болу (19,6%), тыныс алу органдарының аурулары (15,4%), қатерлі ісіктер ( 10,7%), жарақаттар мен уланулар (8,6%) болып табылады.
Анықтама үшін: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық штабы мен Үйлестіру кеңесінің көшпелі отырыстары жеті өңірде өткізілді, оның аясында өңірлердің денсаулық сақтау ұйымдарына Қазақстанның жетекші сарапшылары ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетеді.