Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде қызметкерлер үшін жалпыға бірдей құқықтық оқыту өткізілді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде қызметкерлер үшін жалпыға бірдей құқықтық оқыту өткізілді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының өкілінің қатысуымен мемлекеттік органның қызметкерлері үшін құқықтық жалпыға бірдей оқыту өткізілді.

Өз кезегінде, «ҰАТ» АҚ өкілі Катаева Ж. қатысушыларға электрондық құжат алмасу тәртібін түсіндірді және мемлекеттік органдар электрондық құжаттарды жүргізу кезінде кездестіретін өзекті мәселелер бойынша өз баяндамасында толықтай айтып өтті.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті директорының орынбасары Дінмұхамед Қлышпаев қызметкерлерді тұрақты негізде олардың орналастырылған жобаларына мониторинг жүргізу және мерзімдерді сақтау қажеттілігі туралы хабардар етті.

Қосымша, іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл,электрондық құжат айналымы және қазақ және орыс тілдерінің түпнұсқалылығы мәселелері талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, іс-шара мемлекеттік органнның Жауапты хатшысы бекіткен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде құқықтық жалпы оқытуды өткізу бойынша іс-шаралар жоспарын орындау үшін ұйымдастырылды.