ДДҰ тағы бір жаңа штамм туралы мәлімдеді - А. Цой

ДДҰ тағы бір жаңа штамм туралы мәлімдеді - А. Цой

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтып, әлемде коронавирустық инфекцияның жаңа штаммы пайда болғанын хабарлады.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Перуде алғаш рет 2020 жылдың желтоқсанында табылған және 30 елде, негізінен Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Еуропа елдерінде 3000 - ға жуық жағдай анықталған "Ламбда" штаммының анықталуы туралы мәлімдеді", - деді А.Цой.

Эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес Қазақстан Республикасы 26 маусымнан бастап қызыл аймақта орналасқан. Қызыл аймақта 15 өңір, сары аймақта екі өңір – Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары бар.

"Дельта штаммының" таралуын ескере отырып, соңғы екі аптада алдыңғы екі аптамен салыстырғанда жалпы республика бойынша барлық дерлік өңірлерде аурушаңдықтың өсуі байқалады. Аурушаңдықтың өсуі 2,0 есе құрады. Маусым айымен салыстырғанда орташа тәуліктік ауру 4,8 есе өсті. Төсек қорының күнделікті мониторингіне сәйкес өңірлерде ағымдағы жылғы 23 шілдедегі жағдай бойынша республика бойынша инфекциялық төсек – орындардың 49% - ын, реанимациялық төсек-орындардың 38% - ын құрайды.

"Сырқаттанушылықтың өсуін және денсаулық сақтау жүйесіне жүктеменің артуын ескере отырып, шілде айында қосымша 10 мыңға жуық төсек - орын ашылды, резервте 21,4 мыңға жуық төсек-орын қалып отыр", - деп атап өтті А.Цой.

Сонымен қатар, бүгінде еліміз дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қажетті көлемімен толық қамтамасыз етілген. Ауруханаларда КВИ емдеуге арналған дәрілердің айлық қоры, "Фармация" СК қоймаларында және дәріханаларда – екі айлық қоры қалыптастырылған. Барлық өңірлерде 18 млрд теңгеге дәрі-дәрмектердің тұрақтандыру қорлары құрылды.

Сонымен қатар, халықтың тестілеуге қолжетімділігі қамтамасыз етілді. COVID-19 диагностикасы үшін тәулігіне жалпы қуаты 120 мың зерттеу болатын 157 зертхана мен 66 биологиялық материал алу пункті тартылды.

Тиісті контингентті вакцинациялау жалғасуда. Бүгінгі күні вакцинаның 8,0 млн дозасы пайдаланылды, оның ішінде 1 компонентпен 5 054 970 адам егілді, бұл тиісті халықтың 51%-ын құрайды. Екінші компонентпен 3 075 907 адам қамтылды. Егу пункттерінде шамамен 580 мың бірінші компонент және 1 млн 190 мың екінші компонент бар.

"Вакцинация - вирустың таралуын азайтудың және бұрынғы өмір салтына, жұмысқа, қарым - қатынасқа, отбасылық дәстүрге және саяхатқа оралудың жалғыз тәсілі", - деп тағы бір рет еске салды Министр азаматтарға.

"Дельта" коронавирус штаммы жоғары жұқпалы және анықталған штамдарға қарағанда 60% жұқпалы, орта есеппен 1 адамнан 5-6 адам жұқтырады, ал айналымдағы штамдардан - 3-4 адам, 7 күнге дейін қысқа инкубациялық кезеңмен сипатталады. Сондықтан, А.Цой қарапайым шараларды, алдын алуды сақтау өте маңызды екенін атап өтті. Мысалы: қол гигиенасы, әлеуметтік қашықтықты сақтау, бетперде кию, бөлмелерді желдету, адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу, гаджеттерді, кеңсе жабдықтары мен беттерін дезинфекциялау, амандасқанда мүмкіндігінше қол алысуды шектеу.